» » » Тобат Құлымбетовтың атында көше ашылды

Тобат Құлымбетовтың атында көше ашылды

   ХХ ғасырдың 50-80 жылдары Жаңақорған ауданының тарихында тәртіп пен адами тазалықтың нақышы ретінде есімі белгілі болған тұлға Тобат Құлымбетовтың атында көше ашылды.

   «Саяжай» аумағындағы №7 көше бойында кісі қарасы көп жиналыпты. Ондағы мақсат – Тобат Құлымбетовтың есімін ұлықтау.
Шарада алғы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков:

   – Жалпы, соңғы жылдары аудан орталығының аумағы кеңейіп, жаңадан көшелер түзілуде. Осы көшелерге мемлекеттік мүдде жолында қызмет еткен тұлғалардың есімін беруді басшылыққа алып келеміз. Сондай ардақты азаматтың бірі – Тобат Құлымбетов еді... – деді.
Кезекті сөз алған полиция ардагері Әлібек Сүгірбаев, Еркін Мұсаев, Жасұзақ Аманбаев, еңбек ардагері Зинабдин Шермағанбетов, Шайдарбек қажы Әшімов пен Жанар Тобатқызы қырық жылға жуық қоғамның тыныштығын қорыған азамат жайлы естеліктерімен бөлісті.
Ол Кеңес әскері қатарында борышын атқарып келгеннен кейін ішкі істер органына қызметке тұрады. Құқық қорғау саласы қызметшісі ретінде адамдықты, адалдықты бәрінен биік қойды. Оның азаматтық ұстанымын халық құрметтейтін.
Жаңақорған кентінің әкімі Әбунасыр Бекішов тыл және полиция (милиция) ардагері Тобат Құлымбетовке №7 көше атын беру туралы шешімін оқыды.

          Ауданның бас имамы Сейдулла қажы Омаров марқұмның әруағына Құран бағыштады.
Одан кейін Зинабдин Шермағанбетов, Сейдулла қажы Омаров, Жасұзақ Аманбаев көше аты жазылған белгі лентасын қиды.

Ерубай ҚАЛДЫБЕКҰЛЫ.
11 желтоқсан 2018 ж. 1 344 2

Гость Jeahulalf от 20 ақпан 2019 19:13
Viagra For Women 2013 viagra Online Cialis Generic

Гость Jeahulalf от 11 наурыз 2019 04:57
Propecia Gastrite 5mg Propecia Price http://kamagpills.com Preis Cialis 20mg 12 Prozac Free Sample