Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Полицейлер жазалаушы емес, қиын жағдайда көмек көрсетуші

Полицейлер жазалаушы емес, қиын жағдайда көмек көрсетуші

  Айбынды әскер сыртқы қауіп-қатерден қорғайтын ел тірегі болса, білікті полицей халық тыныштығының сақшысы. Осы ретте, полиция қызметін реформалау маңызды-ақ. Өйткені, ХХ ғасырдың 70-жылдары экономикалық дағдарыс пен рухани күйзеліске түскен АҚШ ел жағдайын жақсартуды алдымен құқық қорғау саласын реформалаудан бастаған.


   Тарихқа зер салсақ, 1970 жылдары құрама штат халқы полиция қызметіне сенуден қа­лады. Себебі, олардың арасында жемқорлық пен қызметін асыра пайдаланушылық сияқты келеңсіздіктер белең алады. Содан, АҚШ билігі 1972 жылы полицияны реформалап кәсіби білікті, қабілетті полиция қызметін қамтамасыз етеді. Мәселен, оған 2008 жылы АҚШ халқынан алған сауалнамада халқының 80 пайыздан астамы полиция қызметінің адалдығына сенетіні дәлел. Осы бастама полицияның бүкіләлемдік реформасы үшін негіз болып отыр. Бұл бір.
Екінші мысал. Әлем бойынша «жемқорлық мүлдем жоқ» деп саналатын Грузия елінің құқық қорғау саласы, оның ішінде, полиция қызметіне енгізген реформасына тоқталсақ. Мәселен, грузин елінде реформалауға дейінгі 2004 жылы 3,6 млн. адамға 80 000 полиция қызмет көрсеткенімен қызмет сапасы сын көтермеді. Грузия үкіметі реформалау нәтиже­сінде қабілетсіз полиция қызметкерлерін жұ­мыс­тан шығарып, қайтадан білікті де білімді полиция жасақтаған. Нәтижесінде, 80 000 полицейдің орнына 20 000 полиция қызметкері келіп, жалақысы 10 есеге дейін өсті. Соның арқасында, Грузияның құқық қорғау саласында парақорлық тоқтады. Германия мен Польша да құқық қорғау қызметінің сапасын арттыруға мән бергені белгілі. Әлем елдерінің тәжірибесін зерделегенде дамудың тетігін құқық қорғау саласынан іздегенін білдік. Неге десеңіз, парақорлық елдің тынысын тарылтып, дамуын тежейді.
Міне, осыны ескерген Елбасы «Қазақс­тан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемле­кет­тің жаңа саяси бағыты» атты ұзақ мерзімді стратегиясында құқық қорғау жүйесін жаң­ғыртуды тапсырды. Осы тапсырманы іске асыру мақсатында «ҚР құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» құрылған еді. Ал, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында құқық қорғау саласының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет екенін айтып, «Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырамын. Реформалар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырыла бастауға тиіс», деп нақты талап қойды.
Халықтың қауіпсіздігі – тұрмыс сапасының ажырамас бөлшегі екені анық. Демек, бүгінгі қоғам құқық қорғау саласының, әсіресе, по­лиция қызметкерлері жұмысының толықтай жақсаруын күтуде.
Елбасы Жолдауында айтқандай, полицейлер азаматтар санасында жазалаушы емес, кері­сінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші ретінде қалыптасуы керек. Ал, ол үшін полиция жұмысының толық реформалаудан өтетіні белгілі. Жалпы, Қазақстан әр жыл сайын құқық қорғау саласында реформалар жүргізіп, шет елдермен тәжірибе алмасып, олардан өзімізге қажеттісін алып отырғаны рас.
– Елбасының биылғы Жолдаудағы полиция қызметін жаңа форматқа көшіруі өте орынды деп ойлаймын. Шындығында, мемлекет басшысы айтқандай, халық санасында полиция қызметкері «жазалаушы» емес, «көмек қолын созушы» ретінде қалыптасуы керек-ақ. Бүгінгі полиция қызметкерлерінің ел тыныштығы үшін атқарып жатқан жұмысы елеулі. Жаңа рефор­мадан кейін олардың жұмыстары одан әрі жанданып, еңбектері еселене түсеріне сені­мім мол, – дейді аудан прокуроры Нұрболат Дүйсенбаев.
Құқықтық реформаның құқық қорғау жүйе­сін бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны сөзсіз. Осыған дейін егеменді елдің құқық қорғау жүйесіндегі қоғамдық тәртіп пен саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер қабылданғаны белгілі. Мемлекеттің стратегиялық мұратына жетуінде құқықтық реформалар қозғаушы күшке ие. Осыны сәтті үйлестірген Қазақстан дамыған 50 елдің қатарына енді. Мемлекеттің ендігі алға қойған мақсаты – озық 30 елдің қатарында болу. Ал, оған жетуде құқықтық мемлекет құруға басымдық берген абзал. Яғни, азаматтарының құқықтық санасы жетілген, ашық та қабілетті қоғамды қалыптастыру керек.
– Президент «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында полиция қызметіне ерекше мән беріп, оның сапасын арттырып, полиция қызметкерлерінің барлық жағдайын жақсартуды тапсырды. Бұл – бізге үлкен мәртебе. Алдағы уақытта полицияның жұмысы сервистік модельге көшіп, қызмет сапасы арта түспек. Енді нағыз мамандар қалыптасып, қоғам тарапынан сенім деңгейі арта түседі, – дейді аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Ғани Тұрсекеев.
Иә, халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қоритын полиция қызметкерлерінің арқалаған жауапкершілігі оңай емес. Дегенмен, «әттеген-айлар» орын алып жатқанын жасыра алмаймыз. Осындай олқылықтар реформаланған құқық қорғау саласында орын алмайтынына сенеміз. Қоғамның да үміті осында. Себебі, білікті полиция – елдің тірегі...

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
13 қараша 2018 ж. 1 303 0