№58 (8769) 23

23 шілде 2024 ж.

№57 (8768) 20

20 шілде 2024 ж.

№56 (8767) 16

16 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АҚҮЙІКТЕГІ ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІКТЕР

АҚҮЙІКТЕГІ ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІКТЕР


Алдымен Ақүйік ауылдық округінің тыныс-тіршілігімен таныстық. Ауылдық округ аудандағы ең іргелісінің бірі. Ынтымағымен танылған ауыл. Десе де, көше жарығы, ауыз су мәселесін шешілсе дейді ақүйіктіктер. Сондай-ақ, ауылға кіре-беріс көшені жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі айтылды.

Хош. Енді есептік кездесуге келсек. Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Сәкен Кенжебаев атқарылған жұмыстарын баяндады. Өткен жылы мектеп оқушысының қатысуымен қылмыстық жағдай тіркелген еді. Полиция қызметінің басшысы осындай фактіден тайқыды ма, әлде басқа жағдай себеп болды ма, әйтеуір төбе көрсетпеді. Келесі кезекте Әскер Мұсаев тындырымды тірліктерін тізбектеді.
– Елді мекен ішіндегі көшелер жолына  тас төселді.  Көше бойындағы арықтарға 5 асбест труба қойылды. №55 Сұлтанбек Қожанов атындағы орта мектептің 150 шаршы метр ауласына асфальт төселді, – деді ауыл әкімі.
Оның сөзінше, мектептің жылу қазандығы жаңадан салынып, оған аудандық құрылыс бөлімі арқылы 31474,717 мың теңге қаржы игеріліпті. Тағы бір жаңалық, жеке қожалықтарды ірілеті мақсатында 2017 жылдың маусым айында құрамында 26 мүшесі бар «Қаратау-Ақүйік» АШӨ кооперативі құрылған.
Аудан басшысы көше жарығын тиісі сала мамандарына шешуді тапсырды. Ал, ауыз су мәселесі «Талап-Сырдария топтық су құбырынан» тартылады. Биыл жоба бойынша жұмыстар жалғасын тауып, елді мекендерге су беріле бастайды екен.
24 қаңтар 2018 ж. 1 531 0