№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қызылордада Рухани мұралар музейі ашылмақ

Қызылордада Рухани мұралар музейі ашылмақ

   Қызылорда қаласының сол жағалауынан келешекте рухани мұралар музейін салу жоспарланып отыр. Оған қоса фольклорлық антологияны жинақтап шығаруға мән беріледі, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.


   Бұл мәселе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына орай Қызылорда қаласында орын тепкен «Рухани жаңғыру» орталығында өткен дөңгелек үстелде белгілі болды.

Соңғы жылдарда Сыр өңірінде көне кезеңнен жеткен рухани дүниелерді жаңғырту бағытында іргелі істер қолға алынып келеді. Жақында Маврикийде өткен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұараларды қорғау жөніндегі комитетінің отырысында Қорқыт ата мұралары ЮНЕСКО тізіміне енгізілгені - соның айқын дәлелі. Дөңгелек үстел барысында ғалымдар  мәдени мұраларды қорғау бағытында өз пікірлерін білдірді. Кезінде ондай орындар көзден таса қалып, одан табылған құндылықтар қолды болған. «Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы тәуелсіздік жылдары жүргізілген археологиялық жұмыстар нәтижесіне негізделген деп айтуға болады.

Сыр өңірі қашан да қазақ халқының және түркі жұртының тарихында өз орнын еншілейді. Біздің аймақта 50-ден астам орта ғасырлық қалалар бар. Олардың көпшілігі кеңестік кезеңде Ресей тарапынан зерттелген. Оны зерттеген ғалымдар олардан табылған қаншама мұрамызды қолды еткен. Қола дәуірі көсемдері жерленген Түгіскен қорымынан бүтін 250 қыш құмыра Мәскеу асып кеткен екен. Елбасы мақаласында мұндай рухани құндылықтарды бағалап, оларды сақтауға мән беру қажеттігіне назар аударылды. Арғы тегімізді тану мәселесі тұжырымдалды», - деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті археология және этнография ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Әзілхан Тәжікеев. Дөңгелек үстел барысында фольклорлық антологиясын жинақтап шығару мәселесі сөз болды. Бұл ойды филология ғылымдарының докторы Бағдат Кәрібзов білдірді. «Дүние жүзінде ауыз әдебиеті үлгілерін 100 томдық етіп шығарған  жалғыз ел - Қазақстан. Халқымыздың осындай шығармашылық қабілетінің мүмкіндігі орасан екенін айтуымыз қажет. Оны ұрпақ тәрбиесіне пайдалану - парызымыз.

Сондай-ақ, ендігі кезекте Сыр бойы фольклорлық антологиясын шығаруға назар аударсақ деген ұсынысым бар», - деді ол. Дөңгелек үстелді түйіндеген облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов жиында айтылған ұсыныстар алдағы уақытта ескерілетінін жеткізді. Олардың қатарында «Қорқыт» журналын шығару, жас ғалымдар мектебін құру және өзге де мәселелер бар. Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын Сыр өңірінде жыраулық өнер дәріптелетінін хабарлаған едік. Сондай-ақ, Қызылордада Қобыз күні атап өтілуі мүмкін екені айтылды.
inform.kz
06 желтоқсан 2018 ж. 927 0