№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАРИХИ САНА СЕРПІЛІСІ

ТАРИХИ САНА СЕРПІЛІСІ


«Елбасының Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында заман талабына сай көне мен бүгінгіні қисынды ұштастыра отырып, еліміздің рухани кодқа сүйену қажеттігін ұтымды айтқан. Негізі ұлттық тек  дегеніміз – ұлтты біріктіріп ұстап тұратын іргетас. Оған тіл, дін, діл, жалпы рухани құндылықтар жатады. Ал, діл дегеніміз – қанымызға сіңген қасиет. Яғни, бұдан шығатын қорытынды – Ұлт Көшбасшысы кез келген жаңғырудың ең алдымен ұлттық болмысқа, салт-дәстүрдің замана сынынан сүрінбей өткен озығына негізделуге мән беріп отыр. Бұл сындарлы шақтағы өзгерістерге үрке қарағаннан гөрі, жаңашылдық пен сана жаңғыруына сергектік танытқан абзал. Өйткені, бүгінгідей жаһандану заманына ұлттық жадымен ғана төтеп бере аламыз. Тарихи сана қалыптаспай, мемлекетшілдік сана орнықпайды. Ал тарихи сананың тұғыры қашанда ұлттық болмыстан. Елбасы мақаласының негізгі өзегі – әлемдік өркениет көшіне ұлттық сипатыңды сақтай отырып ілесу деп қабылдадық.

  Мұзарап МАХМУТОВ, кент ардагерлер кеңесінің төрағасы
21 қараша 2018 ж. 1 203 0