№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Бейнелеу

 
–Адалдық, арамдық дейтін нәрсе әр адамның сөйлеген сөзінен ғана емес, әр басқан қадамынан да сезіледі. Біреулердің адал, арам екенін кетіп бара жатқанда жонарқасынан оқисың. Әрине, оның кім екені оның жонарқасында жазылмаған. Бірақ, байқай білсең, оқи білсең, анық, айқын жағдайларға кезігесің.

Байқау жағынан менің үлкен мектебім бар. Мен екі жүзден астам ұрысқа қатысқамын. Сол ұрыстарда көпті көрген, көп жайларды байқаған жанмын. Жауға қарай кім қалай бара жатыр, мынаған сеуге, не сенбеуге бола ма дегенді мен соғыстан үйренгенмін. Өкініштісі, сол үйренгендерімнің бәрін жазып үлгере алғаным жоқ.
Сен, қарағым, менің «Жонарқа» деген әңгімемді оқымасаң, оқып шық, оқысаң, қайталап оқы.Көркемдігі  жағынан мен таласа алмаймын, ал соғыс психологиясын бейнелеу жағынан кез келген психолгтардың, атақты жазушылардың шығармаларынан кем түспейді. Бұл тағы да деректі әңгіме.
P.S. «Ел аралаған сыншы болады, тоғай аралаған үйші болады» демекші, көпшілікпен араласып жұмыс істейтін басшыларда мұндай қасиеттер болатынын көріп жүрміз. Олардың айтуынша: «Алдыңа келіп  отырған адамның жаурынына қарамай – ақ көзінен  де талай нәрсен» ұғуға болады», – дейді олар. «Көз адам жанының айнасы» деп те бекер жазылмаған.
15 маусым 2018 ж. 1 269 0