№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

ЖОМАРТТЫҚ ЖОЛЫ


Қасиетті айда ас беріп, ораза ұстаған жандарға дастархан жаю сауабы мол іс. Осындай игі амалдарымен көпке үлгі болып, көрегендік таныта білген азаматтар көш басында туған жерден шыққан жанашыр жан, облыстық мәслихат депутаты Жангелді Ойшыұлының өнегесі кейінгі жастарға үлгі. Өзі сайланған округі Аққұм мен Кейден және жаңауылдық тұрғындарға дастархан жайды.
Жаңауылдағы «Ақтілек» мейрамханасына жиналған қауым алдымен ауыз ашып, дастарханнан дәм татып, ас егесіне алғысын айтты. Ауданның бас имамы Сайділла қажы Омаров Құран бағыштап, соңынан уағыз айтып, көпті рухани тұрғыда сусындатты. Аққұм мешітінің имамы Сүндет Шайхаттаров да жиылғандарды өнегелі әңгімелерімен сусындатты.
– Рамазан айында жасалған амалдардың бағасы жоқ. Әсіресе, жақсылықтар мен ізгі істер жан жадыратады. Оразада жасалған осындай амалдарымен айрықшаланған азаматтардың жолын жас буынға нәсіп етсін. Жаратқан баршамыздың дұға, тілектерімізді, сауапты істерімізді қабыл етсін, – деді Қайнекен әже.
Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері рамазан айының сәнді рәуіші саналар – жарапазанды айтып, жиылған жұртты әнмен тербесе, ауыл ақсақалы Ибадулла Байқожин ас қайырып, қонақжайлылық танытқан ас егесіне батасын берді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, қашанда игі бастамалардың досы-қасында жүретін Жангелді Ойшыұлының бүгін тағы бір азаматтық қырынан танығандаймыз.
– Қазақ текті халық, осы қасиеттерін кейінгі ұрпаққа сыйлап, аманаттап, мирас ету үлкен жауапкершілік жүктейді. Мәселе ас беруде емес, үлкенге құрмет көрсетуде, ініге ізеттілік танытуда. Жангелді Ойшыұлының болмысынан осындай дүниелер табылуы заңды. Сондықтан, біз қариялар алдындағы қызметін өтеп, көпке үлгі бола білген жанға ауыл тұрғындары атынан алғыс білдіреміз, – деді Сейдахмет қажы Бидашұлы.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ.
29 мамыр 2018 ж. 1 515 0