№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АЛПЫСТАН АСҚАН ЖАЙСАҢДАР, СӨЗГЕ БІР ҚҰЛАҚ ҚОЙСАҢДАР...

АЛПЫСТАН АСҚАН ЖАЙСАҢДАР, СӨЗГЕ БІР ҚҰЛАҚ ҚОЙСАҢДАР...

   
Діннің тұтастығы – қашан да елдің тұтастығы. Діни алауыздық болған жерде бақ-береке қонбайтындығына тарих куә. Мұндайда дана қазақ «Ынтымақты ел озады, ынтымақсыз ел тозады» деп, бір ауыз сөзбен түйіндеген. Шүкір. Бүгінде өшкеніміз жанып, ұмытқанымыз жадымызда жаңғырды. Мұның барлығы Тәуелсіз еліміздің ұстанған бағыт-бағдарының дұрыстығын, баһадүр бабалардың салған сара жолынан айнымағынның белгісі.Сән салтанаты келіскен күмбезді мешіттер қатары артты. Мешіт болған соң оның жамағаты да болмағы заңдылық. Осы жамағатқа қарап тұрсаңыз дені жастар. Басқа жерлерді қайдам, біздің Жаңақорған кентіндегі үш мешітте де жамағаттың басым көпшілігі жастар. Бұл әрине қуанарлық жағдай. Дейтұрғанмен жамағат құрамына қарап тұрып біршама алаңдаушылық ойлардың да туатыны бар. Мені қынжылтатыны жамағат ішінде алпыстан асқан кісілердің аздығы. Яғни 10-15 пайызын құрайды.

Осы тұста, тақырыпқа тұздық болсын. Елімізде тәуелсіз сараптау орталығының зерт­теуіне сүйенсек, мұсылманшылықтың әсте-әсте екенін байқаймыз. Мысалы: 15-19 жас аралығының 78 пайызы, 20-24-тің 74 пайызы, 25-27 жас 70 пайызы, 30-34 жас 70 пайызы, 35-39 жас 71 пайызы, 40 -44 жастың 72 пайызы, 60-тан асқандардың 41 пайызы ғана діни жоралғыларға жақын екенін жеткізген. Осы тұста, неге бұлай деген орынды сауал туындайды. Діни сенім әр адамның жеке таңдауына байланысты екенін мойындай тұра, қазіргі жасы ұлғайған замандастарымның дінге деген селқостығының мәнісін іздестіргенде, оның объективті де себебі шығады. Мәселен, бүгінгі алпыстан асқан кісілердің белсенді өмірі кешегі өткен Кеңестік дәуірге тура кел­ді. Ол кезде тіршіліктің тәртібі басқаша болғаны рас. Әсіресе, дінге деген көзқарас теріс таңбалы болды. Яғни, дін – апиын деген саясат жүрді. Қоғамдағы діни ахуал аянышты еді. Сондықтан қазіргі ақсақалдық жасқа жетіп отырған аға буынның басым көпшілігі діннен бейхабар өскендігін нық сеніммен айтуға болатындай. Жас шағында діни қағидалардан мақұрым өскен ұрпақтың өсе келе дінге деген немқұрайлығы одан әрі өршіп, ол әбден қатып қалған бір әдетке айналып кететін сияқты. Бүгінгі таңдағы 60, 70, 80 жасқа жеткен қариялармен пікірлескенде соған көзіміз жеткендей болады.
Ислам, намаз туралы әңгіме бола қалса, ол кісілердің бірқатары әңгімеден қашқақтап: «Сен ана жаққа барып келіп пе едің? Жүрегің таза болса болды емес пе?» деген секілді керітартпа уәждерді алдыңа тартады. Ал бәзбіреулері қан қысымын, қуық әлсіздігін тағысын тағы мәселелерді көлденең тартады. Сонда не қылмақ керек? Осы бетімізбен кете береміз бе? Тірісінде маңдайы сәждеге тимеген адамның ана дүниедегі жай күйі аса жайлы болмайтыны барша жұртқа аян. Мәселе жеке адамның өзіне келіп тіреліп тұрғандай ау сонда. Жылдар бойы қалыптасып, тастай боп қатып қалған әдетті өзгертуге адамның шамасы жете бермейтін секілді. Тіпті кейбір кісілер бұл бағытта өмір бақи бір сәтке болса да ойлана алмай келе жатыр-ау деген де ой келеді кейде. Не десек те егделікке ілінгендердің арасында дінге деген селқостық бел алып тұрғаны жалған емес. Осы арада өз басымнан өткен жағдаятпен бөліссем деймін.
Өзімнің де белсенді өмірім кеңес заманына тап келді. Айналадағы жұрт секілді сол уақыттағы өмір сүру тәсілдерімен жүріп-тұрдық. Жаратушы жайлы, дін қағидалары жайлы естіген нәрселеріміз бізге емес, басқаларға ғана қатысы бар секілді ой да болдық. Сөйтіп, қаншама жылдар өмірге ең қажетті нәрселерді сезіне алмай, үстірт қарап, күнделікті қызық шыжықтардан артыла алмай өткізген екенбіз. Абайша айтқанда алыстық, жұлыстық, сүрген өміріміздің баянсыздығын аңғара алмай тұрыстық. Содан құдай жарылқап Алла Тағаланың хидаятымен, күндердің күнінде намазға жығылдық. Намазға тереңдеп ене бастағаннан бастап, бойдағы өзгерістерді сезіне бастадық. Күніне беліңді бес бүгіп, Алла Тағаланың тарапынан пендесін құтқару үшін берген теңдессіз нығметі екеніне көзіміз жете бастады. Тоқ етерін айтқанда, мінез-құлық түбегейлі өзгере бастады. Бұрындары мақтанышпен айтатын мәселелерді енді айта алмай қалдық, ашуланатын жерлерде тежеле бастадық, қайсыбірін айтайын, намаз оқыған адамның бойында, бұрынғыға қарағанда өзгеріс болатыны, оның қоғамға, адамдарға, табиғатқа деген қөзқарасы тәуір жағына қарай өзгеретіні рас. Ілгергі ғұламалардың айтып кеткен сөздеріне қарасақ: Өзіне өзі үңіле алған адам өзін-өзі түзете алатыны, осы жолда адамға ең қажетті көмекті намаздың беретіні дәлелденген шындық екен. Мен бұл жерде намаздың адамға міндетті түрде оң әсер жасайтынын айтқым келіп тұр. Діни әдебиеттерде намаздың миллиондаған адам­дарға жасаған оң әсерлері туралы риуаиаттар келтірілген. Сондықтан ақыл есі бүтін адамға намазға бет бұру адам үшін ішіп жеу қандай қажеттілік болса, дәл сондай қажеттілік болып табылса керек. Өзіңе жаны ашитын адам алдымен өзің екені ақиқат емес пе? Өмір­дің өлшеулі екені де ақиқат. Осыларды салыстыра келгенде уақыт бар, мүмкіндік бар кезде намазға жығылсаң, өміріңдегі өзің үшін жасаған ең бір пайдалы әрекетің сол болар сірә дегіміз келеді. Бізді білетін кісілер: «Ой, мұның бұрынғыларын білеміз ғой, енді келіп білгішсіне қалыпты ғой» деуі де мүмкін. Ислам да басты мәселе адамның өткенінде емес, дер кезінде райдан қайтып, тоқтала білуінде. Бұл енді көпшілікке ақыл айту емес, ағымнан жарылып, өз басымнан өткен сезімдермен бөлісу деп түсініңіздер ағайын. Алла Тағалам: «Мен адамзат пен жындарды тек өзіме құлшылық жасау үшін жараттым» дейді ғой. Осыны мойындаған кісі ойлануы тиіс емес пе?

Әбибулла ШЕР.
30 қазан 2018 ж. 1 097 0