№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕЛ БІРЛІГІНЕ СЫЗАТ ТҮСПЕСІН...

ЕЛ БІРЛІГІНЕ СЫЗАТ ТҮСПЕСІН...


Шүкір, бүгінде өшкеніміз жанып, ұмытқанымыз жадымызда жаңғырды. Мұның барлығы Тәуелсіз елдің ұстанған бағыт-бағдарының дұрыстығының белгісі. Бірлігі бекем елдің, биік белесті бағындыратынын бәріміз білеміз. Биік мінберлерде Елбасы «Бірлігі бар ел озар, бірлігі жоқ ел тозар» деген аталы сөзді жиі айтады. Ал, бірлігі кеткен елді дұшпан өз мақсатына пайдаланатыны тағы бар. Ел бірлігі ең асыл қасиет. Отырып алып, басшыны ғайбаттағаннан өміріміз ғажайып күйге енбейді. Білесіз басшыға бағыну – уәжіп. Патшаға бағынбаудан ауызбіршілік ыдырап, күш-қуаты әлсірейді. Ауызбіршілік болмаған жерде бақ-береке қонбайтындығына тарих куә.
Осы тұста, «Жау жоқ деме – жар астында, бөрі жоқ деме – бөрік астында» дегеннің айқын көрінісі жақында ғана елдің бірқатар өңірінде орын алды. Айдың күннің аманында алаңға аттандап шығып, бұқара мен билік арасын шағыстырып, берекесіздік тудырды. Ақиқатына келгенде, бұл ел тыныштығын бұзып, саяси тұрақсыздық жасаудың алыстан ойластырылған жымысқы жобасы. Яғни, арандатушылық. Натырақ айтқанда, «ДВК» деген «дәу» шықты. Яғни, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты тіркелмеген заңсыз қозғалыс. Десе де, ҚР Бас прокуратурасы дер кезінде шара қабылдап, Мұхтар Әблязов құрған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысын «экстремистік ұйым» деп таныды. Өйткені, интернет желілер, мессенджелер арқылы Әблязов белсенді түрде Қазақстанның азаматтарын қозғалысқа қосылуға үндеді. Әрі бүгінгі биліктің жағымсыз бейнесін құрып, қоғамда наразылық топтарының пайда болуына себепкер болды. Осылайша, әлеуметтік араздық пен алауыздықты қоздырып, наразылық акциясын өткізуге ұран тастады. Мәселен, ағымдағы жылы Ұлыстың ұлы күнінде бірқатар қалаларда орталық алаңға «көк шар» ұстап шыққан тұрғындар әлеуметтік желі арқылы Әблязовтың қаншалықты қолдауға ие екенін байқатты. Одан бөлек, 10-мамыр күні «бейбіт» мақсаттағы наразылық шеруінің өтуі – Мұхтар Әблязовтың соқыр сеніміне алданған жақтастарын жарға жықты. Әйтсе де, тәуелсіз елдің қабырғасын қаусатып, реті келсе ел ішіне ши жүгіртіп, алатайдай бүлдіруге «аңсарлары» ауып тұратын заңсыз қозғалыстарға саналы түрде тегеурінді тосқауыл қою қажет. Елін сатып, ен даланың байлығын сыпырып, халықты тонап қашып кеткен қашқындардың енді келіп, бұқараға жаны ашып, «үлде мен бүлдеге» ораймын деуі – кезекті түлкі бұлаңның бір көрінісі. «Атың шықпаса, желіге жар сал» демекші, Тұманды Альбионның төрінде отырып, желі біткенге Қазақстанның 26 жылда жеткен жетістік пен толайым табыстартарын жоққа шығаруға тырысуда. Яғни, демократияны желеу етіп, түймедейді түйедей қылып, алып қашпа ақпараттар арқылы ел бірлігіне сызат түсіруде. Сондықтанда ғаламтордағы олардың ел арасында бүлік салуға итермелейтін «елбұзар» жазбаларына қоғам болып, қарсы тұруымыз керек. Себебі, Қазақстанның ұстанымы – тұрақтылық пен ауызбіршілік. Ал, бейбітшілік бойтұмары.
19 мамыр 2018 ж. 1 397 0