№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » БІЛІМ БИІГІНЕ БАЙЫПТЫ БАҒДАР

БІЛІМ БИІГІНЕ БАЙЫПТЫ БАҒДАР


Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында педагогтар үшін тосын сый жасады. Яғни, «Педагогтар мәртебесі» Заңын қабылданатанынан хабардар етті. Бұл – адами капиталды дамытатын мектептерге, оның ішінде, ұстаз статусын биіктететін байыпты қадам деп қабылдадық.
Жалпы, Елбасы әлеуметтік саланы, оның ішінде, білім беру саласына бей-жай қараған емес. Қазақстан білім бәсекесінде қабілеттілікті арттыру мақсатында жаңартылған білім бағдарламасына көшті. Бағдарлама аясында білім беру саласы жаңаша түрленіп, оқушылардың креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуді және ізденушілік қабілетін қалыптастырып келеді.
Бәрінен бұрын, ұстаздарды қағазбастылықтан арылту үшін электронды құжаттарға жүгіне бастадық. Мәселен, 2016 жылдан бастап аудан мектептерінде «Kundelik.kz» электронды журналы мен күнделіктері бірыңғай ақпараттық жүйесі енгізілді.
Оның мақсаты – мектептің оқу үрдісін ата-аналардың бақылауына мүмкіндік беріп, «ұстаз-ата-ана-оқушы» үштігінің байланысын арттыру. Электронды журнал арқылы баға қою, үй тапсырмасы, сабақ кестесі, мектептегі жаңалықтар секілді қызметтерді күнделікті бақылауға болады.
Айта кететіні, бұл жоба ата-аналар үшін өте қолайлы. Яғни, үйде отырып балаларының сабақ үлгерімін бақылай алады. Тақырыптық форумдар жасауға, іс-шарадағы фото суреттермен алмасуға, ыңғайлы уақытта кез-келген ата-анамен немесе мұғаліммен байланысуға болады.
Қазір аудандағы 42 мектеп «Kundelik.kz» тіркеліп, жұмыс жасауда. Қолданушылар саны 28 900 жетті. Қазіргі таңда күніне – 1711, аптасына – 26435, айына – 52364 рет тіркелушілер жұмыс жасағанын көруге болады. Яғни, күнделік, апталық, айлық статистикасы шығып, қортындыланып тұрады.
Стратегиялық құжаттағы негізгі басымдықтың бірі – мектептерде балаларды мейлінше сұранысқа ие мамандықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды екені айтылды.
Расында, заман алмағайып өзгеріп, көптеген мамандықтар қажеттілігін тоқтатуда. Осындау уақытта жастардың замануи мамандықтарды игеруіне басымдық беру маңызды-ақ.
«Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырамын» дегінді құжатта.
Айта кететіні, аудан әкімінің қолдауы мен сала басшысының бастамасымен аудандағы барлық мектептерге бейнебақылау қойылды. Енді, Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесін аудан мектептеріне ұтымды үйлестіріп, білім беру саласының дамуына жұмыс жасау қажет...

Аллаберген АХМЕТОВ,
аудандық білім бөлімі басшысының кеңесшісі.

20 қазан 2018 ж. 1 408 0