Лицензиясыз алкоголь, таңбаланбаған темекі өнімдерін сату - заң бұзушылыққа бару.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты бүкіл Қазақстан аумағында жүруде. Осы қағидат құқық бұзушылықтың алдын-алуға бағытталған тиімді әрі оң бастама.Өз кезегінде, алкогольдің қоғамға тигізетін зияны орасан, масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтар мен жол-көлік оқиғалары, тұрмыстық-зорлық зомбылықтардың негізі себептерінің бірі. Көбіне алкогольдік еліту жағдайындағы адам қылмыстың объектісі немесе субъектісіболып табылатындығы да белгілі.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес алкоголь өнімдерін өндіру және сату қызметі міндетті лицензиялауға жатады. Алкоголь өнімдерін тиісті лицензиясыз сату заң бұзушылық болып табылады және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Лицензиясыз сауда жасаған тұлғаларға айыппұл салынып, заңсыз өнім тәркіленеді. Осы әрекет қайталанған жағдайда немесе ірі көлемде құқық бұзушылық анықталса, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. Бұл талаптардың мақсаты-халықтың денсаулығын қорғау, көлеңкелі айналымды азайту және заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.
ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 156-бабына сай, Басқарма қызметкерлерімен жекелеген сұрақтар бойынша рейдтік тексеру нәтижесімен Жаңақорған ауданы аумағында тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін заңсыз өткізу фактісімен 14 жеке тұлғалар анықталып, олардан 1464 литр арақ-шарап өнімдері, 9 жеке тұлғалардан 2448 қорап акциздік маркасымен таңбаланбаған заңсыз темекі өнімдері сатылымнан алынып тәркіленді, іс құжаттары сотқа жолданды.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан Прокуратурасының бастамасымен, Жаңақорған аудандық Полиция және Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бірігіп «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында аудан аумағында тиісті лицензиясыз (рұқсатсыз) кәсіпкерлік қызметпен айналысудың алдын-алу бағытында іс-шара жоспары бекітілді. Лицензиясыз алкоголь өнімдерін анықтау бағытында тұрақты түрде рейдтік жұмыстар жүргізіледі.
Тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік қызметпен айналысу заңға қайшы, ал, алкоголь өнімдерін сату-үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет. Сондықтан әрбір азамат заң талаптарын сақтау қажет, заң талаптарын сақтау тұрақты және қауіпсіз бизнестің кепілі болып табылады.
Жаңақорған ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасының
бөлім басшысы Ердесбеков А.А.




