Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ЕАЭО ЕЛДЕРІНЕ ТАУАРЛАРДЫ ЭКСПОРТТАУ КЕЗІНДЕ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

ЕАЭО ЕЛДЕРІНЕ ТАУАРЛАРДЫ ЭКСПОРТТАУ КЕЗІНДЕ ҚОСЫЛҒАН ҚҰН САЛЫҒЫНЫҢ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ


Фото:«Egemen Qazaqstan»
          
Қазақстан Республикасының жаңа Салық кродексіне сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттерге тауарларды экспорттау кезінде қосылған құн салығын (ҚҚС) есептеу және төлеу тәртібіне бірқатар талаптар қойылады.
Атап айтқанда, Салық кодексінің 531-бабына сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағына тауарларды экспорттау кезінде тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің электрондық нысанда рәсімделуі маңызды.
Шет мемлекеттің салық органы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті электрондық нысанда Қазақстан Республикасының салық органына жолдаған жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органы осы өтініштің келіп түскені туралы отандық экспорттаушы салық төлеушіге хабарлама жібереді.
Хабарлама өтініш келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жолданады.
Сонымен қатар, экспорттық операциялар бойынша салық төлеушілер белгіленген тәртіппен салықтық міндеттемелерін орындауға, тиісті құжаттарды уақытылы рәсімдеуге және салық есептілігін дұрыс ұсынуға міндетті.
Салықтық міндеттемелер уақытылы орындалмаған жағдайда, салық органдары қолданыстағы заңнамада көзделген шараларды қолданады.
Осыған байланысты ЕАЭО елдерімен сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарына экспорттық операцияларды рәсімдеу кезінде Салық кодексінің талаптарын сақтап, қажетті құжаттардың дұрыс әрі уақытылы ұсынылуына назар аудару қажет.
Салық заңнамасының талаптарын сақтау-салықтық міндеттемелердің уақытылы орындалуының және кәсіпкерлік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етудің маңызды кепілі.
Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының «салық төлеушілермен жұмыс» бөлімінің бас маманы:
Аятбек Арсен Сейілханұлы
12 қараша 2026 ж. 50 0