№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БӘСЕКЕ БӘСІ – БІЛІМДЕ

БӘСЕКЕ БӘСІ – БІЛІМДЕ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын халық асыға күтеді. Себебі әр Жолдаудың ерекшелігі, өзіндік салмағы бар. Ел өміріне қатысты маңызды дүниелер айтылып, әлеуметтік салаға қатысты тың жаңалықтар жария етіледі. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттің дамуына қажетті басымдықтар қамтылды. Әсіресе, адам капиталына ерекше мән берілді.
Дамыған елдерде халықтың 50 пайызы ой еңбегімен айналысады, ұлттық өнімнің 40 пайыздан астамы білімнің ұдайы дамуы арқылы алынады. Үшінші жаңғырудың жалғасы іспеттес болған Жолдауда білім берудің жаңа сапасын көтерудің негізі адам капиталы екені айтылды. Демек, ХХІ ғасырда адам капиталынсыз өркендеудің жолын табу қиын.
Елбасы барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екенін айтты. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы – өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту екенін жасырмады.
Сонымен, білім беру саласында қандай өзгерістер мен жаңашылдықтар күтіп тұр?
Біріншіден, оқушыларға берілетін тапсырма азаяды. Елбасы оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары, Еуропа экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен 1/3 еседен көп. Мұны төмендетуді тапсырды.
Екіншісі, өңірлердегі оқушылар сарайларының базасында компьютерлер, лабораториялар және 3D-принтерлер секілді барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісі құрылады.
Үшіншіден, 2018 жылдың 1 қаңтарынан мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысы 30 пайызға артады.
Төртіншіден, 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі.
Бесіншіден, орта мектеп, колледждер мен ЖОО үздік оқытушыларының видеосабақтары мен видеолекциялары интернетте жарияланады. Елбасы бұл барлық қазақстандыққа, оның ішінде шалғайдағы елдімекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашатынын ескертті.
Сондай-ақ, 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттары енгізіледі және 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндері ағылшын тілінде оқытылады.
2021 жылы орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға (мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар) көшу аяқталады. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесі әзірленеді.
Бүгінде білім саласындағы басты бағыттардың бірі – ақпараттық технологияларды игеру және оларды дамыту болып табылады. Қазіргі таңда аудан мектептері бойынша 141 интерактивті тақта, 32 лингофонды-мультимедиялық, 11 физика, 18 химия, 14 биология және 60 әмбебап-интерактивті кабинеттері жасақталды.
Жалпы, мектептердегі компьютерлер саны – 2133-ке жетті. 2017 жылы 5 физика кабинеті, 3 робототехника кабинеті, 150 жаңа компьютерлер алынып, іске қосылды.
Цифрландырудың тетігіде білім ордаларында қалыптаса бастады. Мәселен, білім ордалары 100 пайызға телефондандырылып, интернет желісіне толығымен қосылды. 2016 жылдың қазан айынан бастап «электрондық журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасына аясында 12 мектеп жұмысын жүйелі жүргізуде.
Бұл жүйе ұстаз, оқушы және ата-ана байланысын арттыра түсті. Электронды күнделік арқылы ата-аналар баласының бағасын, үй тапсырмаларын қадағалауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, «Bilimland» білім беру платформасына ауданымыздағы барлық білім беру ұйымдары қосылған. Бұл жүйе бойынша мұғалімдер мен оқушылар күнделікті сабаққа қажетті ақпаратты тегін оқып, қажетін өзіне жүктеп алып жұмыс жасауда.
Бүгінде педагогтардың біліктілігін арттыру түбегейлі өзгерді. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жанынан ашылған «Назарбаев Зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымына қарасты Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген бағдарлама бойынша ұстаздардың біліктілігін арттыруға басымдық берілуде. Біліктілікті арттыру курстарының І, ІІ, ІІІ деңгейлерінен 514 мұғалім біліктілін арттырды. Жаңартылған бағдарлама бойынша (жаңа бағдарламаға көшкен 2,5,7 сыныптармен) жұмыс жасайтын мұғалімдер курстарда қайта даярланды.
2018 жылы 400 мұғалім түрлі бағыттағы (денгейлік, жаңартылған бағдарлама бойынша, қысқа мерзімді, ақылы) біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Сондай ақ, 2017 жылдың 4 қыркүйек-14 қараша аралығында Қызылорда қаласында «Болашақ» бағдарламасы бойынша химия, биология, информатика, физика пәндерін ағылшын тілінде оқытуға байланысты 60 педагог кадрлар біліктілік арттыру курстарынан өтті.
Қазіргі таңда ұстаздардың ойлауы заманауи тұрпатқа бейімделіп, педагогикалық қызметі өзгеруін көріп отырмыз. Ендеше, Елбасы Жолдауында айтылғандай, адам капиталын дамыту бағытында, ұстаздардың біліктілігін арттырып, саналы да сергек жастарды қалыптастыруға күш салатын боламыз.

Болат ИБРАГИМОВ,
аудандық білім бөлімінің басшысы.
27 қаңтар 2018 ж. 1 328 0