» » Электронды күнделіктің тиімділіг мол

Электронды күнделіктің тиімділіг мол



Жаңақорған аудандық білім бөлімінің басшысы Болат Ибрагимов Тамыз кеңесінде аудандағы барлық мектептің электронды бағалауға көшкенін жеткізді.
         Оның айтуынша, 2016 жылдың қазан айынан бастап «Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған электрондық журналдар мен күнделіктердің бірыңғай ақпараттық жүйесі» пилоттық жобасына аудан бойынша 12 мектеп тіркеліп жұмыс жасаған болса, 2018 жылдың мамыр айынан бастап 28 мектеп қосылып, енді алдымыздағы қыркүйек айынан бастап 2 мектеп тағы тіркеліп, барлығы 42 мектеп түгелімен электронды журнал, күнделік жүйесімен жұмыс жасайтын болады. Бұл жобаның тиімділігі ата-ана өзінің паролімен сайтқа кіру арқылы баласының үлгерімін және тәртібін кез-келген уақытта қадағалауға мүмкіндік алады. Электронды журналдың сапалы жүргізілуі үшін мектептерге 663 планшет және 403 роутер (wi-fi) берілді.
29 тамыз 2018 ж. 1 085 0