Мәслихаттар сайлауы

№85 (8998) 10

10 қараша 2026 ж.

№84 (8997) 7

07 қараша 2026 ж.

№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ХАБАРЛАМА: НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША ХАБАРЛАМА: НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?



Мемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау жүргізу барысында салық төлеушілердің есептілігіндегі және басқа ақпарат көздеріндегі мәліметтерді салыстырады. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес, камералдық бақылау нәтижесінде анықталған алшақтықтар бойынша салық төлеушіге тиісті хабарлама жіберілуі мүмкін.
Хабарлама алған жағдайда салық төлеуші оның мазмұнымен мұқият танысып, көрсетілген алшақтықтардың себептерін анықтауы қажет. Егер хабарламада көрсетілген мәліметтер расталса, салық төлеуші заңнамада белгіленген мерзімде тиісті бұзушылықтарды жоюға міндетті. Ал анықталған алшақтықтармен келіспеген жағдайда, оны растайтын құжаттар мен түсініктемелерді ұсыну мәселесін қарастыруы қажет. Хабарламаларды елемеу немесе белгіленген мерзімде орындамау заңнамада көзделген салдарға әкелуі мүмкін. Сондықтан салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органдарынан келіп түскен хабарламаларға жауапкершілікпен қарау ұсынылады.


Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы
Салықтық әкімшелендіру және өндіріп алу бөлімінің бас маманы
Махан Руслан Дастанұлы
12 қараша 2026 ж. 37 0