№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЭЛЕКТРОНДЫ КҮНДЕЛІКтің артықшылығы көп

ЭЛЕКТРОНДЫ КҮНДЕЛІКтің артықшылығы көп


«Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар». Елбасы биылғы Жолдауында адам капиталына басымдық беріп, білім беру саласын жаңа деңгейге көтеру қажеттілігін осылай айтқан еді. Осы орайда, аудан мектептерінде Президент тапсырмасына сай жұмысты жүйелеп, білім берудің жаңа бағытына бет бұруда. Әсіресе, жаңа технологияларды игеруді бірінші орынға қойып, оқушыларды электронды бағалауға көшкен 12 мектеп бар. Солардың қатарына №125 мектепті айтуға болады. Гүлжазира Жалғасбекова электронды күнделіктің игілігін терең түсініп, оқушыларды объективті бағалайтын жүйені меңгерген. Сондықтан, ұстаздың бір күндік жұмыс жүктемесін нысанаға алдық.
– Соңғы екі жылдан бері электронды күнделік бағдарламаға еніп, оқушыларды жаңа бағыт бойынша бағалап келеміз. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – ұстаздарды қағазбастылықтан арылту. Қазір мұғалімдер де осыған машықтанып келеді. Барлық мектептер бұл жүйеге көшіп үлгермегенімен, болашақта осы жүйені меңгеріп, педагогтар жұмысының сапасын арттыруға мол мүмкіндік беретіні анық, – дейді Гүлжазира Әлімбекқызы.
Иә, он алты жылдан аса ұстаздық жолда еңбекті ұштастырған педагог тың бастамаларды қолдайтынын жеткізді. Оның сөзінше, ұстаз кез-келген өзгерісті дер кезінде меңгеріп, заманауи талаптарға сай қызмет атқарғанда ғана нағыз педагог болады. Өйткені, бүгінгі ақпарат заманында жайбарақаттыққа жол жоқ. Әр өзгерісті өз уақытында игермесең, көштен қаларың анық.
Ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсаринның «Жақсы мұғалім маған бәрінен де қымбат. Өйткені мұғалім – мектептің жүрегі», деген қанатты сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған Гүлжазира Жалғасбекова тарих пәнінің мұғалімі.
– Алғаш жұмысқа орналасқанымда мектепте Әсем Тілеубергенова, Серік Дүйсебаев сынды нағыз өз ісін сүйетін, іскер ұстаздармен қызметтес болдым. Солардан бағыт-бағдар алдым. Менің білікті ұстаз болып қалыптасуыма сол кісілердің ықпалы тиді, – дейді тарих пәнінің мұғалімі.
Жаңа технологияны игеру – заманның басты талабы екенін түсінген ұстаз оны уақытылы меңгеру әр бала тәрбиешісінің негізгі міндеті деп біледі. Ол білім деңгейін көтеру барысындағы курстарға жиі барып, біліктілігін жаңғыртып отырады. Бүгінде оқушыларды электронды тұрғыда бағалап жүрген мұғалім оның артықшылығы мен мүмкіндігіне тоқталды.
– Электронды журналмен бағалау – уақыт талабы. Бұл жүйенің негізгі мақсаты – баланың білім деңгейін шынайы көрсету деп білемін. Өйткені, біздің электронды күнделікке қойған бағамызды тікелей Білім және ғылым министрлігі бақылап отырады. Оның артықшылығы ата-ана баласына қойылған баға мен үйге берілген тапсырманы тікелей бақылай алады. Бұл үшін ең керекті дүние интернет көзіне қолжетімділік болса болғаны, – дейді ұстаз.
Оның айтуынша, электронды күнделіктің берері мол. Мұғалім kundelik.kz сайтына кіріп, журнал арқылы кез-келген сабаққа түсініктеме және қосымша материалдар қоса алады. Сонымен қатар, үй тапсырмасын басқарудың интерактивті модулі оларды сыныптың барлығына немесе бөлек оқушыларға беруге, әр түрлі тапсырмаларды көшіруге, оларға файлдарды қосуға және орындалу барысын басқаруға мүмкіндік береді. Осы арқылы ата-ана баласына берілген тапсырманы үйден-ақ біліп отырады.
Ұстаздың жетістігі шәкіртінің бағындырған биігімен өлшенетіні анық. Бүгінгі кейіпкерімізідің білім саласындағы еңбегін оның оқушыларының жетістіктерімен бағамдауға болады. Мәселен, Гүлжазирадан дәріс алған 17 шәкірті елдің әр аймағындағы оқу орындарында грант иегерлері екен. Өткен жылы бітірген екі шәкірті «Алтын белгіні» иеленіп, бірі – Алматы энергетика және байланыс университетінің грантын жеңіп алса, екіншісі –Атырау мұнай және газ университетінің студенті. Ал, осы жылы 9-сынып оқушысы Әкім Азамат аудандық пәндік олимпиададан бірінші орынды қанжығасына байлады.

Р.S.: Қазір әлемде жылдам әрі түбегейлі сандық технологиялық өзгерістер дәуірі басталды. Көштен қалмау үшін уақыт талабынан туған құндылықтарды игеру қажет-ақ. Бұл тұрғыда, Гүлжазира Жалғасбекованың еңбегі үлгі етуге болатындай.
Айсұлу АЛДАНАЗАР.
10 ақпан 2018 ж. 1 775 1

Гость Jeahulalf от 24 ақпан 2019 17:26
How Long Is Amoxicillin Good For Propecia Without A Prescription cheap cialis online Port Vila Propecia Indesiderati Buy Viagra With Debit Card 59