№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » КІТАПХАНАШЫЛАР ТУРИЗМГЕ ДЕМ БЕРМЕК

КІТАПХАНАШЫЛАР ТУРИЗМГЕ ДЕМ БЕРМЕК


Дамыған елдер экономикасының 50-60 пайыз бюджеті туризм саласынан түседі. Мемлекет басшысы сондай дәрежеге жетуді «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында нақты қойды.
Расында, туризм – елде кешеуілдеп дамып келе жатқан сала. Жаңақорған Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан, тарихи-мәдени орындары көп аудан. Сондықтан, туризмді табыс көзіне айналдыруға мүмкінді көп.
Қалай десеңіз, аудан аумағындағы Сығанақ, Өзгент, Сауран қаласы мен Аққорған, Қаратөбе, Келінтөбе, Мейрамтөбе секілді тарихи орындар бар. Сондай-ақ, Қаратаудың қойнауында Қатынқамал, Сауысқанды, Таңбалы тас және т.б. ықылым заманның құнды жәдігерлерін кездестіресіз. Бесарық, Ақүйік, Жиделі сияқты өзен аңғарлары табиғи көркемдігі көз тартады, әрі тарихи нысандар көптеп кездеседі. Сыр бойындағы әулие-әмбиелердің мәңгілік мекен тапқан жерлері орын тепкен. Осындай тарихи орнындарды насихаттап, туристерді тартуға мүмкіндік мол.
«Кітапханалық туризм» де көрнекті жерлерді насихаттауда таптырмайтын жоба. Ұлт­тық академиялық кітапхана қызмет­керлері туризмнің осы саласына мән бере бастады.
Жақында осы кітапхананың ақпараттық-библиографиялық сервис қызметінің жетек­шісі Еркежан Әли бастаған делегация мүшелері ауданға арнайы келді.
Құрамында Ұлттық академиялық кітап­хананың пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлім жетекшісі Сәуле Жүсіпова мен Электронды ресурстарды басқару қызметін Цифрландыру бөлімінің жетекшісі Шұғыла Дүйсетай және құжаттарды өңдеу қызметінің кітапханашысы Үміт Рамазанова, қорларды қалыптастыру қызметінің кітапханашысы Бағжан Ғұмарова бар. Олар Сығанақ пен Сауран қаласында, Қылышты ата-Төлегатай мен Хорасан ата кесенесінде болып, ондағы тарихи жәдігерлермен танысты.
Облыстық Әбділда Тәжібаев атындағы әмбебап кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Қалдыгүл Досмағанбетова, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Аягөз Айдосова мен аудандық кітапхананың директоры Әсем Тілеубергенова қонақтарды күтіп алып, жол бастады.
Музей қызметкері Бақдәулет Таждинов қонақтарды нысандардың тарихымен, онда табылған жәдігерлермен таныстырып, қо­нақ­­тар­дың сауалдарына барынша ғылыми тұр­ғыда жауап қаты.
Көлік Сауранға бет түзегенде топ басшысы Еркежан Әлиді сөзге тартып олардың түпкі мақсаттарын сұрадық.
– «Кітапханалық туризм» жобасы 2014 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхана­сының басшысы Үмітхан Мұңал­баева­ның бастамасымен басталған жаңа жобалардың бірі, – деп бастады әңгімесін ол.
– Өзіңіз білесіз, кітапханаға тек оқырмандар ғана келіп қоймайды, ондағы өтетін кітап жәрмеңкелері мен көрмелеріне сансыз шетелдіктер де келеді. Сол кездері біздің қызметкерлеріміз тарихи кітаптарды насихаттауда көне қалалар мен тарихи орындар жөнінде толық мағлұмат бере алатындай болуы тиіс. Кітаптан оқып айтқан бір басқа, көргенін ой елегінен өткізіп, тыңдармандарына жеткізу бір басқа, – дейді делегацияны бастап келген маман.
Яғни, қызметкердің алдынан шыққан оқырман немесе көрермен ой түйіп шығатындай болуға тиіс. Бір сөзбен айтқанда, жобаның мақсаты – кітапханашылар Қазақ­станның қасиетті жерлері жайында толық ақпаратты меңгеруі қажет.
Екі күнге созылған бұл саяхат Сыр бойындағы киелі жерлерде де жалғасты.
Қонақтар ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан азаматтарға ризашылығын біл­діріп, Әсем Тілеубергеноваға Ұлттық академиялық кітапхана атынан құнды кітаптарды сыйға тартты.
Өз кезегінде аудандық кітапхананың директоры Әсем Манапқызы Еркежан Әли мен Қалдыгүл Досмағанбетоваға «Жаңақорған тынысы» аудандық газетінің 85 жылдағына шыққан «Дәуір айнасы» кітабын тарту етті.
Осылайша, кітапханашылар туризмді дамытуға үлес қосуға ниеттес екенін танытып, өлкенің көзбен көрген бай тарихын насихаттауға бел буып қайтты.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
13 қазан 2018 ж. 1 473 0