№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

САУАПТЫ ІС


Көпір. Көпірдің қажеттілігін, әсіресе, өзен-көлдердің жағасындағы жұрт жақсы біледі. Яғни, көпірсіз өрісің тарылады. Тіптен, барар жерің сол судың арғы беті болса, жолың кесіледі. Содан болса керек-ті, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистерінде «Көпір салу – сауапты істердің ең үлкені» делінген. Сондай сауапты істі Әз-Наурыз қарсаңында көрдік. Нақтырақ айтқанда, Мұстафа қажы Батталов Жаңауылдағы көпірді қайта жаңғыртты.
Жаңауылдағы жаңарған, жаңғыртылған көпірді көрмекке сонда бардық. Көпір басында ауылдың 20 шақты тұрғыны мен бірнеше көлік тұр екен. Көпір басындағы жұмысқа басшылық жасап жүрген Оразбек Оспанов алдымыздан шығып:
– Бұл Жаңауылдың оңтүстік шетіндегі ежелгі «Ақбарақ» қонысы тұсында «Тайпақкөл» каналына салынған ескі көпір. 1960 жылы осында теміржол өткелінде жұмыс істейтін теміржолшылардың оншақты үйі болатын. Тұрғындар малдарын ауылдан бір шақырымдай жердегі көпір арқылы каналдан өткізіп, өріске айдайтын. Сол кезде ауыл тұрғыны Баттал ақсақал бас болып, көпірді салған еді, – деп таныстырды мән-жаймен.
– Содан бері көпір қолданыста. Онда Жаңауыл, Жаңақорған мен Әлімкөлдің төрт түлігі қана емес, шөп пен отын таситын арбалар арлы-берлі өтеді. Бірақ, кейінгі жылдары ауыл тұрғындары кент орталығына көшіп, көпір қараусыз қалған-тұғын. Содан көпір тозды. Тіптен, соңғы жылдары жаяу адамның өзі өту мұңға айналды, – деді ел ағасы.
Наурыз айының басында Жаңауылға Баттал қарияның ұлы Мұстафаның жолы түседі. Ол осыдан 58 жыл бұрын әкесінің салған көпірі жарамсыз болғанын естиді. Сосын Мұсекең бірнеше күннен кейін жаңауылдықтарды жинап, көпірді қайта жөндеуді ұсынады, әрі жеткілікті қаражатын береді. Сауапты іске Оразбек Оспанов, Байден Жәдіков, Алмабек Исаев және т.б бас болып, іске кіріседі. Қолға тиген қаржыға көпірге төсеніш тақтайлар мен тіреуіш бетон трубалар және т.б қажетті заттар алады. Осылайша, ауылдың 20-30 тұрғыны ауызбіршілік танытып, Наурыз мерекесіне дейін көпірді бітіруге күш салады.
Біз қайырлы іске қаржы салған Мұстафа қажыны да көпір басынан жолықтырып, әңгімеге тарттық.
– Менің асып бара жатқан байлығым жоқ. Дегенмен, көпір салу сауапты іс. Екінші жағынан, әке салған істі жалғастыру міндет. Осыны таразылай келіп, көпірді жөндеуге қаражат салдым. Мені қолдаған азаматтарға алғысым шексіз, – деді ол.
Әрине, аудандағы барлық көпір жарамды дей алмаймыз. Ішінде тозығы жеткен, нашар көпірлер бар. Кейбір су өткізетін құбырлар әбден ескірген. Мұны ауылдық округ және аудан әкімінің есептік кездесулерінде білдік. Бірақ олардың барлығын жаңартуға аудандық бюджеттің мүмкіндігі жетпейді. Міне, біздің дәулеттілерге екі дүниенің нығметін жинауға болатын қайырлы іс осы. Бізді көпірдің басында осындай ой тербеді. Ендеше, біздің байлар қайырлы істерге қаржы салса дейміз...

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
27 наурыз 2018 ж. 1 305 0