№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ЖАС ТУРИСТЕР ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖИНАЛДЫ

ЖАС ТУРИСТЕР ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖИНАЛДЫ

Өңірдің әрбір аймағынан жиналған жас туристер Жаңақорғанда бас қосты. Екпінді ауылдық округіндегі «Қамбаркөл» демалыс орнында «Жаңғырған жастар» ұранымен «Менің Отаным – Қазақстан» атты облыстық слетке ҰБТ-дан 100 баллдан жоғары жинаған мектеп түлектері қатысты. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының ұйымдастыруымен биыл үшінші мәрте жалауын көтерген слеттің басты мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында бұқаралық туристік жұмыстарды жандандыру, туған өлкеге деге сүйішпеншілікті арттыру.
Жалынды жастарға жігер сыйлаған слетте аудан әкімі Ғалым Әміреев аймақтың туристік әлеуетін бірлесе көтеруге шақырды.
– Сыр өңірінде тарихи танымдық жерлер көп. Тамыры тереңнен тартқан ежелгі және орта ғасырлық қалалардың саяси-экономикалық маңызы зор болғаны ақиқат. Оның ішінде көне Сығанақтың орны айрықша. Бүгінде сырға толы Сығанақтың тарих қойнауында бұғып жатқан мәдени мұралары баршылық. Осындай бабадан қалған бай мұраны өскелең жастар арасында насихаттау біздің борышымыз. Өлкетану бағытындағы осындай слеттердің жас буынға берері мол деп білеміз, – деді Ғалым Махмұтбайұлы.
Мұнан кейін тұмса табиғат аясында  тыныққан түлектер түрлі спорттық және интеллектуалды ойындарға қатысты. Көл жағасындаөнерлерін ортаға салып, өздерін сан қырынан көрсетті. «Биыл ҰБТ-ға қатысып, 126 балл жинаған болатынмын. Міне, осыған орай, облыс әкімдігі тамаша тарту жасап, тынығу орнында демалуға мүмкіндік жасады. Мұнда жер-жерден келген білімпаз жаңа достар таптым. Әрі туған жердің тарихымен танысып, танымдық бағытта мол ақпарат алдым» дейді Раузана Мамырханова.
Дәстүрлі слет соңында спорттық шараға қатысқан жас туристер облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының «Алғыс хаты» мен бағалы сый-сияпатқа ие болды.
Иә, ел ертеңіне көз салсақ, бүгінгі аға буынның келесі ізбасары – жастар. Сайып келгенде, жас буынның бойындағы белсенділік, жаңа бастамашылдық – өсудің, өркендеудің нақты көрінісі. Сондықтан да мұндай өлкетану бағытындағы танымдық шаралар жиі жалғасын тапса игі.
21 шілде 2018 ж. 1 044 0