№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

№85 (8796) 25

25 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ОРТА ҒАСЫРДАН СЫР ТАРТҚАН САУРАН

ОРТА ҒАСЫРДАН СЫР ТАРТҚАН САУРАН


Алаштың анасы атанған Сыр бойындағы шежіреге толы көне өңірдің бірі – жазиралы Жаңақорған жері. Аудан аумағы тарихи ескі қалашық пен мәдени-рухани ескерткішке бай. Тамырын тереңнен тартқан құтты орданың ықылым заманнан және орта ғасырлық қалалардың саяси-экономикалық маңызы зор болғаны ақиқат. Оның ішінде көршілес Түркістан облысымен шекаралас орналасқан көне Сауранның орны айрықша. Себебі, қаншама жылдан бері сабалаған жаңбырдың астында, уілдеген желдің өтінде орналасқан сонау орта ғасырлардан сыр тартқан Сауранның тарих қойнауында бұғып жатқан мәдени мұралары баршылық.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасынан туындаған басым бағыттың бірі – туған өлкенің қадірін білу мақсатында балалық шаққа саяхат жасасақ.
1958 жыл. Ол кезде мен әлі мектепке де бармаған баламын. Әкем апта сайын жұма намазға Түркістан шаһарына баратын еді. Намаз Әзірет Сұлтан мешітінде (Қожа Ахмет Яссауи мовзелейін ол кезде солай атайтын – авт.) оқылады. Көрші ауданға жолаушылар кейде жүк пойызымен баратын. Сонда Сатымсай разъездінен аса темір жолдың Сырдария жақ бетінен үлкен қамал жанынан өтеміз. Екі аралық шамасы 350-400 метрден аспайды. Жолдың екі жағында бұзылып-қираған үйлердің орны жартылай қабырғалар көп болатын. Кейін сексенінші жылдардың екінші жартысында түркістандық дихандар ол жерлерді тегістеп, егін екті.
Әлі күнге есімде пойыз ішінде отырғанда ақсақалдар бұл Сауран қаласы жайлы тарихи деректерді көп айтатын. Өзім ескі қаланы тек 1965 жылы Жаңақорғандағы №3 мектеп-интернатта оқып жүргенде мектеп оқушыларымен экскурсияға барған кезімде көрдім. Бірге барған балалар қорғанның құлап жатқан жерінен қыш құмыра мен табақ, садақ оқтары мен бір қылышты тауып алғаны жадымда сайрап тұр. Бұл ескі жәдігерлерді уақыт өте аудан орталығындағы тарихи-өлкетану музейінен көрдім. Міне сол балалық шақтағы естелігім мен жолай көрген жәдігерлерім менің тарихи кітаптарға деген құмарлығымды арттырды. Арнайы Сауран қалашығында бірнеше рет болып, атақты тарихшы, археолог Карл Байпақовтың ұйымдастыруымен жүргізіліп жатқан қазба жұмыстарын назардан тыс қалдырған емеспін. Көне шаһар туралы алғаш рет жазушы Дүкенбай Досжанның «Жусан мен Гүлдер» кітабынан оқып таныстым.
Кейінірек Дүкенбай Досжанның зерттеу мақаласын оқып шығудың сәті де түсті. Дара жазушы зерттеу мақаласында: «Қаланы алты мұнарлы үлкен қорған қоршап тұрған екен. Қорған саз балшықтан, кей жері күйдірілген қыштан өріліпті. Әр мұнара да қарауыл қарайтын күмбез, жауға оқ ататын тесіктер бар. Осы белгілер Сауран қаласының негізігі міндеті – ел күзету, басқыншы жауға бірінші тосқауыл болу екенін байқауға болады. Қорған төрт бұрышты етіп салынған. Қалаға кірер қақпа мен шығар қақпа бір-біріне тұспа-тұс орнатылған. Оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа көлбеу жатыр. Тосын көзге бірден шалынатын нәрсе – қала халқының өте тығыз отырғанға ұқсайтындығы. Өйткені белдеу-белдеу, қатпар-қатпар болып жатқан топырақ үйінділері бұрынғы үйлерді, дуалдарды көз алдыңа елестетеді. Сонымен қатар ескі қару-жарақ, қыш құмыра, ыдыстарынан аяқ алып жүргісіз. Сәл қазып көрсеңіз – бірі болмаса, бірі шыға келеді. Қаланы 1219 жылы Жошыхан қиратқанымен Сауран ХV ғасырдың аяғына дейін өмір сүрген», - деп жазады жазушы зерттеуінде.
Ендігі кезекте отандық ғалымдардың көне шаһар жайлы зерттеген тың тарихи деректеріне тоқталсақ.
Сауран – іргетасы VІІ ғасырдан бастау алып өсіп өркендеген. ХІІ ғасырда ірі сауда орталығы болған. Жаңақорғанның оңтүстік шығысында 58-60 шақырым жерде орналасқан, орта ғасырдағы қалалардың бірі. Биіктігі 6 метр қабырғамен қоршалған қалашықтың аумағы солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай 800 метр. Солтүстік батыстын оңтүстік шығысқа қарай 500 метр, ал мәдени қабатының биіктігі 2 мтерді құрайды. Тарихшылардың сөзінше, Сауран туралы алғашқы деректер 10-ғасырдағы еңбектерде кездеседі. Ол кезде Сауран Сырдария алабындағы маңызды стратегиялық және сауда орталығы ретінде белгілі болған. Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде 1219 жылы қаланы ұлы қағанның ұлы Жошы хан басып алады. Жошы ханның қанды қырғынынан қаншама зардап шеккенімен қала тез арада қайта гүлдеп, көркейіп ірі сауда орталығына айналады.
ХІІІ-ғасырдың орта шенінде Сауран Ақ Орданың астанасы болды. ХІV-ғасырдың аяғында қаланы Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Үлкен мешіті болып, ислам дінінің қазақ даласына тарауына ықпал еткен. ХVІ-ғасырда Сауран мұнаралы биік дуалдармен қоршалған үлкен қала болған. Оның ірі-ірі құрылыстарының ішінен замандастары «шайқалмалы минаретті» және қала мен оның айналасын сумен қамтамасыз еткен кәріздерді – жердің астынан салынған каналды ерекше атаған. Сауран ХVІІ-ғасырдың аяғы мен ХVІІІ-ғасырдың басында әлсіреп, ХІХ-ғасырдың басында біржолата күйреген. Қазіргі кезде Сауран қабырғалары мен мұнараларының қалдықтары бар, ауданы 550 – 800 м дөңгелек алаң. Қаланың ішіне қақпа арқылы кіруге болады. Қаланы қоршаған дуалдың сырт жағында көптеген каналдардың іздері сақталған. Жүргізілген зерттеу жұмыстары қаланың VІІ – ХVІІІ ғасырларға жататынын дәлелдейді.
Орта ғасырда Сырдария өзенінің ортаңғы ағысындағы аймақты Түркістан өлкесі деп атаған. Сол өлкенің аса гүлденген қалаларының бірі Сауран еді. Ертеректегі деректерде Сауранның жеті қатар қорғаныс қабырғасы бар деп айтады. Дешті-Қыпшақ даласы мен егіншілікпен айналысқан өлкенің қақ ортасында орналасқан шаһар дала халқы мен қала тұрғындарын байланыстырған, сауда-саттық орталығы болған. Арабтың географы әл-Магдиси: «Сауран (Савран) – үлкен шаһар, ол бірінен соң бірі салынған жеті қабырғамен қоршалған. Рабаты бар, мешіті ішкі шаһарда орналасқан. Ол оғыздар мен қыпшақтардан қорғауға арналған шекаралық шаһар» деп жазған. Ұзақ уақыт аралығында шаһар Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда мен қолөнерінің ірі орталығы болып, мәдени дамудың бесігіне айналды.
Шыңғыс ханның шапқыншылығы жайлы жазылған деректерде Сауранның аты аталмайды. Бірақ ХІІІ ғасырда Сырдария арқылы өткен армян патшасы Гетум қаланы Савран деп, Сығанақ (Сгнах), Қарашық (Харачук), Иасы (Асон) қалаларымен бірге атап жазған. Ғалымдардың пайымдауынша, моңғол шапқыншылығынан кейін қала орнын ауыстырып, басқа жерден салынған. ХІІІ ғасырға дейінгі Сауранның орны қазіргі Қаратөбе қала жұрты. Онда жүргізілген зерттеу жұмыстары қалашық бірнеше қорғаныс қабырғасымен қоршалғанын анықтаған. Қазба материалдары қаланың тіршілігі моңғол шапқыншылығынан кейін тоқтағанын көрсетеді. Оның есесіне жаңа қаланың орны Қаратөбеден солтүстікке қарай үш шақырым жердегі кең жазықтан бой көтерген.
Сауран қаласы ХІV ғасырда Ақ Орданың құрамына кіріп, бір кездері оның астанасы да болған. 1320 жылы қайтыс болған Ақ Орданың билеушісі Сасы Бұқа осы қалада жерленді. Оның ұлы Ерзен Сауран, Отырар, Жент және Баршынкент қалаларында медресе, мешіт, ханака секілді қайырымдылық мекемелерін салдырды. Шаһар саяси және экономикалық орталық ретінде өзінің маңызын кейінгі жүзжылдықта да жоғалтқан жоқ. Сауран үшін өзбектер мен Қазақ хандары арасында қаншама қанды шайқастар өткен. Қазақ хандығының құрамына шаһар толығымен ХVІ ғасырдың соңында өтіп, оның басты қалаларының біріне айналды. Дегенмен Сауран бұған дейін де белгілі бір уақыт аралығында қазақтардың билеуіне өтіп тұрды. Мысалы, қазақтың алғашқы хандарының бірі, Жәнібектің ұлы Жиренше хан ХV ғасырдың 80 жылдарында шаһарда бірнеше жыл билік құрған.
Деректерде Сығанақ пен Сауранның маңында тонаушылықпен айналысып жүрген Мұхаммед Шайбанидің әскери тобын Сауранның билеушісі Жиренше ханның жасақтары талқандағаны жайлы айтылады. Ашық даладағы жазық жерге салынған осы шаһардың тамаша табиғаты мен жаныңды жадыратар тұнық ауасы, оны айнала қоршай салынған алып қорғаныс қабырғалары жайлы көптеген жылнамашылар жазған. Шаһар Қазақ хандығының құрамына толықтай өткеннен кейін ерекше көркейіп, ірі рухани орталыққа айналады. Сол кезде қаншама мешіт, медреселер салынған. Сондай керемет құрылыстардың бірі қос мұнаралы медресе мен жұма мешіті жайлы ХVІ ғасырда бір жылға жуық Сауранда тұрған ақын-жазушы Уәсифи қызыға жазған. Шаһарды сумен қамтамасыз ету әлемде сирек кездесетін суландыру тәсілі «кәріздер» арқылы жүргізілген. Уәсифидің айтуынша осы суландыру жүйесін шаһарға мұсылман әулиелерінің бірі Мір Араб сыйға тартқан. Басын шаһардан 7 шақырым жерден алатын осы кәрізді каналды салуға 200 үнді құлдары пайдаланылған. Сол әулиенің есімі осы күнгі Саураннан солтүстікке қарай 6-7 шақырым жердегі Міртөбе бекінісінің қираған орнында қалған. Әлгі кәріздердің басы да сол маңнан басталады.
Көне шаһардағы ірі құрылыстардың арасында «шайқалмалы минаретті» сондай-ақ шаһарды ауыз сумен қамтамасыз еткен кәріздері – жердің астынан салынған канал ерекше көзге түседі. Археологиялық зерттеулер кезінде Уәсифи жазған медресе мен кәріз құбырларының орындары табылды. Сондай-ақ шаһарда болған жұма және айт мешіттерінің қалдықтары қазылып, олардың сақталған бөліктері қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Қазба кезінде шаһардың бас қақпасы мен оның сыртынан қазылған орға салынған аспалы көпірдің тұғырлары табылды. Қорғаныс қабырғасын қоршай қазылған терең ордың ішіне кезінде су жіберілген. Арнайы салынған қазба 48 қатар қаланған кірпішпен нығайтылған терең ордың тереңдігі үш метрден астам екендігін көрсетті. Қаланы қоршаған жаудың талай жауынгерлері осы ормен қабырғаны ала алмай жер құшқан. Қазба жұмыстары кезінде қабырғаға қадалған және ордың ішіне құлаған жебенің темір ұштары көп табылады. Қабырға бұзғыш қондырғылардың домалақ тас оқтары мен орға құлап өлген жау әскерінің қурап қалған қаңқалары да кездесіп жатады. Қазіргі кезде осы аспалы көпір мен қала ішіндегі мешіт пен медресе, құдық пен шығыс моншасы, шаһардың орнындағы көне ғимараттарды қалпына келтіріп, туристер көретін музей жасау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Қорыта айтқанда, келешекте Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында туған жер тарихын зерттеуші археологтар мен туристерге мол мүмкіндік ашары сөзсіз.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
03 шілде 2018 ж. 2 008 3

Гость Jeahulalf от 11 ақпан 2019 02:16
Cialis 20mg Prix Pharmacie Zithromax Drugs cialis prices isotretinoin order internet no physician approval Propecia Scalp Fitch Levitra Farmacia Nostra

Гость Jeahulalf от 3 наурыз 2019 01:32
Purchase Amoxicillin Without Prescription Purchasing Generic Stendra Discount On Line Arkansas levitra vs cialis Viagra Venta Espana

StevBlubof от 8 мамыр 2019 02:22
Amoxicillin And Digestive Health buy cialis online Kamagra Gel Sachets