№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » "Менің Отаным - Қазақстан" атты туристік слеті өткізілді

"Менің Отаным - Қазақстан" атты туристік слеті өткізілді


Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы және Жаңақорған ауданының әкімдігінің ұйымдастыруымен 11 сынып бітірген жас түл
ектер арасында "Жаңғырған жастар" ұранымен "Менің Отаным - Қазақстан" атты туристік слеті өткізілді. Слет бірнеше кезеңдерден тұрды. Бастапқы кезеңде командалар экологиялық десант жасап, слет өткізілетін аймақпен танысып, қауіпсіздік ережелері таныстырылды.
Әр команда өз топтарының аты мен ұрандарымен таныстырып шықты. Слетті Жаңақорған ауданының әкімі Әміреев Ғалым Махмұтбайұлы ашып берген соң, қатысушыларға кәсіби және кәсіптік бағдар беру мақсатында облыстық бизнес инкубатор жетекшісі Оразмаханов Жандос тренинг жүргізді. Қатысушыларды тамақтандырып, тынықтырып болған соң, спорттық, интеллектуалдық, шығармашылық кезеңдерден тұратын QUEST өткізілді. Слет қорытындысы бойынша қатысқан 6 команданың ойыншыларына сертификат табысталып, ерекше көзге түскен қатысушыларға диплом мен бағалы сыйлықтар берілді. 1,2,3 орын алған командаларға кубоктар табысталды. Жалпы слет өте жоғары деңгейде өтті.
17 шілде 2018 ж. 1 551 0