№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Өнегелі ғұмыр


Қашанда тектілікке тұрақтаған,
Жалған сөз, мақтануды ұнатпаған.
Жанкелді ағам алқалы 60 жаста,
Еңбек туын ешқашан құлатпаған.
Биік ұстап намыс пен жігеріңді,
Сүйсінтіп жүрген жансыз Сыр елімді.
Ақыл айтар ағамсыз алдымдағы,
Жырыммен жеткізейін тілегімді.
Еңбек етіп қатардан қалмадыңыз,
Ақыры орындалды арманыңыз.
Биік-биік белесті бағындырып,
Әке жолын әріге жалғадыңыз.
Келесіз ізденуден жалықпастан,
Әр қадамды көрсетіп анық басқан.
Біздердей інілерге үлгі боп жүр,
Қазақи болмысыңыз қалыптасқан.
Қаншама жүректерге гүл ектіңіз,
Талайды қияларға түлеттіңіз.
Содан болар, халыққа қадірлісіз,
Әрдайым адалдықты ту еттіңіз.
Орныңыз бар сұлу Сыр даласында,
Жүресіз игі жақсы арасында.
Бұл күнде атқарушы директорсыз
Қызылорда мұнай өңдеу саласында.
Шынайы еңбекпенен қайралдыңыз,
Елге сыйлы тұлғаға айналдыңыз.
«Айтулы азамат» деп халық қолдап,
Сайлауда депутат боп сайландыңыз.
Білікті, қамқор жансыз білмегенге,
Үлес қосып келесіз іргелі елге.
Елдің мұңын-мұқтажын билікке айтып,
Көсіліп сөйлеп жүрсіз мінбелерде.
Үлгі ғой Сіздің өмір мектебіңіз,
Белгілі аянбай тер төккеніңіз.
Еселі еңбек жемісі деп білеміз,
Абыроймен алпысқа жеткеніңіз.
Көбейе берсін алар алғысыңыз,
Дес бермей әлі де аға тартысыңыз.
Ұрпағыңыз үлгі алып ісіңізден,
Жан аға, құтты болсын алпысыңыз!

Әбілқайыр ӘБІЛПАТТА.
16 маусым 2018 ж. 1 354 0