№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Басты ұстаным- халыққа қызмет көрсету

Басты ұстаным- халыққа қызмет көрсету


Әлемдегі барлық мемлекеттің даму жолында мемлекеттік қызметтің алар орны ерекше. Тәуелсіздік алған жылдан бері елімізде де мемлекеттік қызмет моделін қалыптастыру бағытында ауқымды істер атқарылды.

Солардың негізгісі ретінде ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнама қабылдап, қызметтік мансап жүйесін қолданысқа енгізгенін айтуға болады. Сондай-ақ, Президент Жарлығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қабылданды. Әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін құрып, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру жөніндегі шараларды іске асырды.
Тәуелсіздік жылдары жүйелі жүргізілген реформалар нәтижесінде елімізде халықаралық сарапшылардың оң бағасын алған мемлекеттік қызмет моделі қалыптасты. Елбасы жыл сайынғы Жолдауларында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Себебі мемлекеттік қызмет – адам өмірінің айнымас бір бөлігі. Дамыған елдерде ол азаматтар мен мемлекет арасындағы әріптестік қарым-қатынастың барометрі саналады.
Бүгінде ел-жұрт алдында мемлекеттік қызметшінің абырой-беделін арттыру – өзекті мәселе. Өйткені, мемлекеттік саясатқа тұрғындардың сенімі ынтымақтастық тұрғысынан үлкен серпін бермек. Мемлекеттік қызметші халыққа билік өкілі ғана емес, сенімді көмекші ретінде де көзқарас қалыптастыратын болса, бұл парасатты қадам – биліктің мәуелі жемісі деген сөз. Мемлекеттік қызметтегі басты ұстаным – халыққа қызмет көрсету болуы тиіс. Өйткені халық қашанда бәрінен биік тұрады. Бұл салада еңбек ететін әрбір адам күш-жігерін халықтың игілігіне жұмсап, елге қолайлы жағдай туғызуы керек. Осы орайда «Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады» деген Елбасы сөзі әрбір мемлекеттік қызметші үшін, әсіресе, жастар үшін басты қағидаға айналуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшінің имиджін қалыптастыру идеологиялық, саяси және мәдени аспектілерді көздейтіні хақ. Сондықтан, мемлекеттік қызметшінің имиджін көтеру — күрделі және ұзақ процесс. Мемлекеттік қызметшінің имиджін көтеру үрдісі атқарушы биліктің имидждік саясатымен пара-пар.
Мемлекеттік қызметтегі басты ұстаным – халыққа қызмет көрсету болуы тиіс. Өйткені халық қашанда бәрінен биік тұрады. Бұл салада еңбек ететін әрбір адам күш-жігерін халықтың игілігіне жұмсап, елге қолайлы жағдай туғызуы керек. Осы орайда «Біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық. Мансапқорлық көрсетпей, халыққа жақын, әр істе әділ болып, әрбір адамның мұң-мұқтажын қолдан келгенше түсініп, оны дәл сол кезде орындай алмасаң да түсіндіріп, дұрыс жауап беріп, шығарып салу – біздің парызымыз. Сонда әкімшілік те, мемлекеттік қызметкерлер де халыққа жақын болады» деген Елбасы сөзі әрбір мемлекеттік қызметші үшін, әсіресе, жастар үшін басты қағидаға айналуы тиіс.
08 маусым 2018 ж. 1 351 0