№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жадымда тұрар жаңғырып

Жадымда тұрар жаңғырып


Екінші дүниежүзілік соғыс халқымыз үшін ең қасіретті кезең болып тарихта қалды. Қазақстаннан майданға аттанған 1,3 миллион ұл-қыздың тең жартысы қайтып келмеді. Сұм соғыс қайғы жұттырмаған бірде-бір отбасы болмады. Көздің жасы, жүректің қанымен келген жеңіске бүгін міне 78 жыл толып отыр. Жылдар жылжып, сол сұрапыл кезеңнен алыстаған сайын, бейбіт күн сыйлаған батыр бабаларымызға деген құрметіміздің еселене түсері анық. Зымыраған уақытпен бірге аңызға айналып бара жатқан соғыстың ақиқатын айтатын ардагерлеріміздің бүгін көзі болса да өздері жоқ. Қан майданға қатысып, бар ауыртпалығын жанымен сезініп, мойнымен көтерген Абдіхалық Жанысбаев жайында жазуды жөн көрдік.


Ол 1916 жылы Төменарық ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Мектепте төрт жылдық білім алады. Екпінді колхозында бала кезінен арба айдап, шөп жинау мен астық тасуға жәрдем етіп, еңбекке ерте араласады. Сунақата каналын қолмен қазып, 1941 жылы Ұлы отан соғысы­на «Жаман бала» ауылынан аттанған. 1942 жылы 22 желтоқсанда Сталинград­ты қорғағаны үшін арнайы медалімен марапатталған. 1944 жылы наурыз ай­ында «Қызыл жұлдыз» орденімен және «Ерлігі үшін медалімен» марапатталады. Ұлы отан соғысын толық аяқтап, 1945 жылы колхозға келіп жұмысшы болып еңбек еткен.
Ұлы отан соғысының жауынгері бейбіт өмірдің еңбек майталманы болған. Абдіхалық 1977 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталып, 1976 жылы зейнетке шыққан. Балалары мен немерелерінің ортасында берекелі өмір сүріп, 2000 жылы өмірден озды. Ол кісіден тараған перзенттер бүгінде қоғамның әр саласында еңбек етуде.
Еліміздің осындай даңқты ұлдары мен қыздарының өшпес ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті артып, тағылымы мен мәні мейлінше тереңдей түсетіні белгілі. Ұлы Жеңіс бізге миллиондаған солдаттардың төгілген қанымен, шыққан жанымен келді. Жеңіс туын желбіреткен майдангерлеріміздің жауынгерлік ерліктері мен бейбіт еңбектегі өнегелі істері жас ұрпақ тәрбиесіне, халқымыздың ынтымағына қызмет ете беретіні сөзсіз.
Жанысбаев Абдіхалық атамыздың өзі болмаса да өмірі өнеге, ұрпақтары өнегесін жалғастырып келеді.
– Әкем көзі тірісінде бізге майдан даласында от кешкен күндерінен көп естеліктер айтып отыратын. Өзі пуле­­мётші болған. “Орыстың оқушы балалары пулеметті сүйреп көмек­тесетін, бомба түсіп, жан жағымыз астан-кестең болып жатқанда ана бал­дардың “мама, мама” деп жылаған дауыстары әлі құлағымда тұрады” дей­тін. Майдан даласында екі рет қол-аяғы­нан жарақаттанған. Сталинград түбінде­гі шайқаста қоршауда қалып санаулы ғана солдат қалған уақытта, дер кезінде көмек келіп аман шыққандарына шүкіршілік қылумен отыратын. “Соғыста орыстардың жас балаларына дейін қатысып өздері көп қиыншылық көрді. Негізі немістер біздің жақтың қатты суығына шыдас бере алмады. Сосын орман-тоғайдың көптігі де біздер жаққа көп пайдасын тигізді дейтін, – деп әсерлі естеліктерімен бөлісті Әбдіхалық атаның қызы Әзия Қыстаубаева апамыз.
Жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Ол кісілердің ерлігі мәңгі жадымызда сақталады.

Әсел Рзаева

20 мамыр 2023 ж. 405 0