9 МАМЫР - ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті ардагерлер! Қадірлі қауым!
Сіздерді – Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1941 - 1945 жылдардағы сұрапыл соғыста оқ пен оттың арасында жүріп, қатыгез жауды жеңген батыр аталарымыз мен аналарымыздың ерлік жолы ешқашан ұмытылмайды. Отан үшін қан төккен батырлардың рухы алдында қашанда бас иеміз. Бейбіт күннің алауын жағып біздерге Жеңіс сыйлаған ардагерлеріміздің есімі елмен бірге жасай бермек.
Соғыста қаншама боздақтар майдан даласында қалды, қыршын өмірлер қиылды. Бүгінде майдангер ардагерлеріміздің арамызда болмауы, Жеңіс мерекесін бізбенен бірге тойлай алмауы әрине өте өкінішті...
Қан майданда жүрген жауынгерлерге дем беріп, тылда аянбай еңбек еткен аға - апаларымыз Жеңіс күнін жақындатуға лайықты үлес қосты. Сондықтан тыл ардагерлеріне деген құрметіміз шексіз.
Ардақты ағайын! Соғыс жылдары ауданымыздан 3310 азамат майданға аттанып, 706-сы ұрыс даласында қаза тапса, 1845-і хабар-ошарсыз кетті, небәрі 759 ғана жерлесіміз елге оралды.
Қадірлі қауым! Бүгінгі жарқын өміріміз осы ардагерлеріміздің ерен ерліктерінің арқасы.
Баршаңызды Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерекесімен тағы да құттықтай отырып, тәуелсіз мемлекетіміздің аспаны ашық, болашағы жарқын болғай!
Жеңіс күні құтты болсын!
Ізгі ниетпен,
АУДАН ӘКІМІ Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов