№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Ұлы даланың 7 қыры


Қазіргі жаһандану жағдайында әрбір этникалық топ өзінің түп тамырына, ұлттық бірегейлігін білдіретін құндылықтар жүйесіне көңіл аударып, оны әрі қарай жетілдіру жолында. Сол себепті де ұлттың ұлт болуы үшін рухани байлықты, құндылықтарды түгендеп отыру қажет. Бұл келешектің кемел болуы үшін керек.

  Рухани байлығымызды жинақтау кезең-кезеңімен жүзеге асуда десек, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының заңды жалғасы ретіндегі «Ұлы даланың жеті қыры» да өз маңызын жойған жоқ. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке жұрнақтарымен емес, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті. Расында, ширек ғасырдан аса азаттығы бар ел әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамып, тұрмысын түзеп келеді. Тіпті, шет мемлекеттермен тығыз байланыс орнатып, терезесі тең дәрежеге жетті. Жаһан жұрты қазақ елін қойнауы қазынаға толы байлығымен емес, Ұлы даласымен бағалап, түрлі өнердің, құндылықтардың түп-төркіні осында екенін білуі тиіс. Дүниенің ғажайыптарын дарынымен ұғынып білген қазақ даналары төрткүл дүниеге танылуы қажет. Қазақ деген ұлы елді әлем жұрты жан-жақты жақсы қырынан білгендері дұрыс.

Стратегиялық сипатқа ие бұл ұғым көп қырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдауға шақырады. Яғни, әлемдік өркениетке қосқан үлесіміз бен жаһандық даму үрдісіне тигізген анық қолтаңбамызды қайтадан зерделеп, дүние жүзіне жаңаша дәріптеуге үндейді. Шын мәнінде, біздің Ұлы даламыздың ғалам мәдениеті мен өркениетінде өзіндік орны бар. Оған ешкімнің таласы болмауы тиіс.
Жалпы, бүгінгі жаһандану жағдайында ел бірлігін сақтау барысында халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тарихын танып әрі әлі ашылмаған қырларын зерттеу маңызды. Егер ұлт рухани және материалдық дүние танымдарын меңгермесе, ол бірегейлігінен айрылады. Сондықтан бұл ұстаным біртұтас халық болып қалыптасудың маңызды механизмі саналады.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салтдәстүрі, әдет-ғұрпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазынасы. Ал мақалада айтылған атқа міну мәдениеті, Ұлы даладағы ежелгі металлургия, Алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек Жолы, Қазақстан – Алма мен Қызғалдақтың отаны секілді Ұлы даланың жеті қыры шар- тарапта қазақ деген дана халықтың ерекшелігін айқындайтын құнды дүниелер. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту міндеті тұр. Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Яғни, кеңістіктегі қазақтың рөлі, ұлт ретіндегі өзіндік жолы бөлек екенін дәлелдеу тұжырымы бар.

Мәселен, атқа міну мәдениеті қазақта қалыптасқанын анық айта аламыз. Өйткені, қазақ тұрпаты жылқы жануарына сай келеді деп жатамыз. Оның үстіне бала жастан атқа мініп өскен халықтың өмірі ат үстінде өткен. Адамға сипаттама бергенде жылқы мінезді дейміз.
Халық нақылында «Ат – ер қанаты» деген бар. Осының бәрі айналып келгенде қазақ халқының ат баптап, жылқының қасиетті жануар екенін ұғынғанын білдіреді. Сол себепті атқа міну мәдениетін қалыптастырған қазақ дегенге ешкімнің таласы болмас. Ұлы даланың қырлары қазақ жұртына тән айшықты дүниелер. Олар осы дархан даланың рухани байлықтары. Оған қастерлеп қарау, Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – ұрпақтың үлесінде.

Қорыта айтқанда, рухани жаңғырудың барлық тетіктері түркі жұртының тарихымен сабақтасып, қазақ елінің даналығын, даралығын дәріптейді. Бұл мақсатта түрлі жобалар қолға алынып, жүзеге аспақшы. Осыған бір кісідей ат салысқанда бізді жаһанның түкпір-түкпірінде ел-жұрт білетін, танитын болады. Танығанда тарихымызбен, түп-тамырымызбен білмек. Осы ретте, арғы текті түгендеп, тарихты жаңғыртып, келер ұрпаққа аманаттау – бүгінге парыз.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ
10 қараша 2022 ж. 848 0