№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Әке өнегесі


Өмірде ұмытылмайтын, уақыт өткен сайын адамның жадында жаңғырып, өткен шақтарды еске салатын ұлағаттар болады. Әсіресе әкенің айтқан тәлімі, берген бағытын ұмыту мүмкін емес. Ұлы Отан соғысының аяқталғанынан алыстаған сайын, өмірден өткен әкеге деген сағыныш жақындай түсетіндей.


Әкем Абишев Мырзахмет 1925 жылы Төменарық ауылында дүниеге келді. 18 жасында Жаңақорған Әскери Комиссиаратынан әскерге шақырылды. 1943 жылы 1 қыркүйекте №234 қордағы атқыштар полкінде атқыш ретінде қабылданды. 1944 жылы 1 қаңтардан бастап Ұлы Отан соғысы кезінде 218 шекара полкінде атқыш ретінде майданға араласты. Соғыс кезінде Украина, Польша, Воронеж қалаларында шайқасқа қатысты.
Майдандағы ерліктер үшін Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі ордерімен және бірнеше медальмен марапатталды. 1946 жыл 15 мамырға дейін Ұлы Отан соғысының №234 қордағы атқыштар полкінде болды.
1948 жылы Талша Айтбайқызы анамызға үйленді. Әкем мен анам 4 ұл 6 қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан 33 немере, 43 шөбере көрді. Анамыз 1994 жылы 63 жасында дүнеден озды.
Ұрпағымен мың жасайды деген осы болар. Әкеміз еліне елеулі азамат болды. 1956 жылдан бастап Жаңақорған аудандық сауда орталығында түрлі қызметте жұмыс істеді. 1986 жылы 61 жасында зейнетке шықты. Әкем бір салада 30 жыл қызмет атқарып, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
2001 жылы 76 жасында әкеміз дүниеден озды. Соғыстың аяқталғанына 55 жыл толғанда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Құттықтау хаты» келді.
Төменарықтың батысында «Қос калдың ортасы» дейтін шағын қоныс болды. 2005 жылы судың астында қалды. Сол жерде біз туып-өстік. Осы мекенді жерлестеріміз әкемің атымен байланыстыратын. Себебі ағайын мен ауылдастарының арасында әкемің беделі биік еді.
Ағайынның татулығы мен ауызбіршілігі үшін еңбек етіп, біздерге өнегелі ұлағатын қалдырды. Ол нанды адал еңбекпен тауып, елге сыйлы болу жолын көрсетті.

Райхан ӘБІШЕВА

07 мамыр 2021 ж. 698 0