№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Ата рухына бас иемін

Ата рухына бас иемін


Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 75 жыл толуына орай елде батырлар ерлігін жаңғырту мақсатында «Мен батыр ұрпағымын» халықаралық шарасына біздің жаңақорғандық жерлестер де өз ата-бабаларының майдан даласындағы ерлігі жайында үн қосуда. Осы шараға біз де майдан даласында өлшеулі еңбегін қосқан атамыз Мархабай Дүйсебаев туралы естеліктермен бөліскіміз келеді.

1917 жылы атам Мархабай Тұрсыматұлы Жаңақорған топырағында дүниеге келіп, 7 жылдық мектепте білім алды. Ташкент қаласында мал дәрігерлік училищеде оқып, үздік бітіреді. 1938 жылы әскер қатарына алынады .
Орыс тілін жетік меңгерген атамыз жауапты жауынгерлік жұмыстарда белсенділік көрсетеді. Осыны аңғарған басшылары әскери білім алып, соғыс жүргізудің қыр-сырын меңгеруіне бағыттайды. Осылайша ол Сталинград қаласында ұшқыштар даярлайтын курсты бітіріп, штурман болып шығады. 1939-1940 жылы Кеңес одағы мен Финляндия арасында соғыс басталып, атамыз майданға аттанады.
Атамыздың соғыс жайында әңгімелері өте көп еді. Оның ішінде ұшақпен ұшқан сәттері, бомба жарылыстары, сәтсіз пилоттар, тағысын тағы киноға бергісіз әңгімелері әлі күнге дейін жадымызда. Бірде әскери тапсырмаларды орындап, жаудың жасырынған жерін тауып, жау ошағын жоюға кіріседі. Сол сәтте ұшақ қанатына жарқыншақ тиіп, ұшақ апатқа ұшырайды. Ұшақ басқаруы мүмкін болмаған соң, жерге парашютпен секіруге бұйрық беріліп, солдаттар жерге секіре бастайды. Атам кеудесіне оқ тиіп парашютпен секіруі сәтсіз болады. Жерге жайсыз түсіп оң жақ қолынан қатты жарақат алған. Соның зардабынан көз жұмған шағына дейін қолы дірілдеп отыратын еді.
Варшава Померанск операциясында Берлинді жаулап алу ұрысында телеграмма мен оперативтік документтерді уақтылы және техника жеткізіп тұрғаны үшін оның еңбегі жоғары бағаланды. 1941-1945 жылы атамыз Волхомск Орталық Беларустық 1-ші Беларустық Варшава майданында Берлинді жаулап алу соғысына қатысты. Өзіне жүктелген тапсырмаларды мүлтіксіз орындап көзге түсіп, орден мен медальдармен марапатталды.
1946 жылы елге оралған атамыз әжеміз Гүлжамиламен отау құрып, өзінің мал дәрігерлік қызметін атқарды.
Шаттыққа толы шаңырақта 4 ұл, 6 қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан 39 немере-шөбере сүйді. Штурман атамыз 87 жасында дүниеден озды.
Біз атамыздың ерлігін мақтан етеміз және оның рухына басымызды иеміз.

Мұрат МАРХАБАЕВ
18 мамыр 2020 ж. 783 0