№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Сағыныш

Менің өнерге жақындығым әуелі Алла, одан кейін нағашыларымнан келген қасиет деп түсінемін. Атам мен әжемнің айтуы бойынша бесікте жатқанымда марқұм нағашым Тастаев Нұрберген көкем мені қолына алып, аузыма түкіріп, батасын берген екен. Қазақ өзі ырымға сенген халықпыз ғой.

Расымен көкемнің маған берген ақ батасы қабыл болған шығар, төрт жасымнан бастап естігенімді тез қағып, жаттап алады екем. Осыны біліп, анам өлең шумақтарын жаттата бастаған. Нұрберген мен Нұрбаулы ағаларымыздың  әуелете ән салып жүрген сәттеріне куә болып, көңіліме сіңіп кеткендігі болар, қос композитор ағамның әндерін жаттап әуенімен орындау маған қиынға соқпады. Тамшыдай қабілет теңіздей тереңге айналсын деп анам мені 4-сыныпта оқып жүргенімде Әлшекей атындағы өнер мектебіне апарды. Емтихан тапсырып, домбыра сыныбының шәкірті атандым. Сол сәттерде түрлі сайыстарға қатысып жүлделі орындарды иелендім. Атап өтер болсам, «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби сазды ауданаралық сайыста Мұқағали Мақатаевтың поэмаларын оқып жүлделі 1-орын иегері, облыстық байқауда «Өлең керек ұрпаққа, өнер керек» атты ақындар мүшәйрасында 3-орын, республикалық деңгейде теориялық білім тереңдігін танытып, «Ең үз­дік Ғылыми Жобала­ры» үш­ін Г­ран При иегері, Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі қарсаңында өткізілген «Қазақтың тілі – жүректің үні» атты жазба ақындар мүшәйрасында 2-орын иегері, «Тәуелсіздік – ұлы мұрат» атты патриоттық әндер сайысында 3-орын иегері, аудандық жергілікті ақындардың өлеңдерін насихаттау мақсатында, режиссер, драматург Әмір Мәжитовтың 75 жылдығына арналған аудандық көркем сөз оқу байқауында 2-орын иегері атандым.
Ең алғаш шығарған туындым – нағашым Нұрберген Тастаевқа арналды:
Жаңақорған перзентісіз Нұрберген,
Халқы оған әркезде де дем берген.
Бексұлтанды, Нағызханды, Әмірді
Әнге қосып әуелеткен Нұрберген!
Көкірегі ояу, көңілі мәрт – Нұрберген,
Жүрегі жұмсақ, бойын әнмен көмкерген.
Сыр бойының азаматы ел көрген,
Қазағымның ер ақыны – Нұрберген!
Есімі елге танылып үлгерген,
Жұрты оны аспандағы ай көрген.
Еліне әркез нұрын төгіп, сән берген
Қазағымның серкесі бұл – Нұрберген!
Ұлы тұлға есімдері ұлық дәйім
Біздей жастар сіздерді ұмытпайды.
Өздеріңіз салған сара жолды
Қастерлейді қашанда ұлықтайды.
Қазірде Алматы қаласындағы Каспий университетінде «Кино және Театр» факультетін бітіріп, актриса мамандығын алып шықтым. Арман қаласы болып саналатын Алматыда   үлкен тәжірибе жинау үстіндемін. Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында түрлі спектакльдер қойып, өнер көрсеттім. Сонымен қатар, «КТК» каналы ұсынған «Жақыным алыс» телесериалында да берілген рөлімді сомдап, эстрада әншілері ұсынған түрлі бейнебаяндарда да бой көрсетіп жүрмін. Өнердегі алғашқы тәй-тәй басқан қадамдарым осылай жалғасын табуда. Мені әркез Нұрберген ағамның берген батасы демеп тұратын тәрізді.
Альбина ТҰРҒАНБАЙ
10 сәуір 2021 ж. 743 0