№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Айдана МЕДЕНОВА

Айдана МЕДЕНОВА


Әнші Айдана Меденова өзі мен отбасы, марқұм анасы жайлы айтып берді

“КешYou” тобының экс-солисі Айдана Меденова “The Эфир” бағдарламасында Ләйлә Сұлтанқызымен сұхбаттасты. Әнші өз отбасы мен өмірі, шығармашылығы жайлы айтып берді.
“Анамның өмірден өткеніне 10 жыл болды. Былтыр туған жерімізге барып, құдайы ас бердік.
Анамның құрбылары келді. Жасы 55-те. Бәрі жарқырап жүр. Анамның құрбылары менің анам секілді. Мені қызындай қабылдайды”, – деді көзіне жас алған әнші.

Айдананың айтуынша, анасы қызын үлкен сахнадан көргісі келген. Өнер адамы болғанын армандаған.
“Анам мені өнерге әкелгісі келді. Үлкен сахнада ән айтса екен деп армандады. Кейде анамды еске алғанда, неге қазіргі сәтімді, сахнада ән айтқанымды анам көрмеді, неге мен өнер көрсетіп тұрғанда анам қарап отырған жоқ деп өкінем. Мен үйдің кенжесі болдым. Анам қайтыс болғанда “Енді маған кім ана болады?” деп жыладым. Сол кезде ағам Ермек “саған енді мен ана болам, мен” деп жұбатты. Сол сөзі әлі есімнен кетпейді. Бірақ Ермектің өзі де қатты қиналды. Ол да анамның жалғыз ерке ұлы еді. Анамнан айырылған соң әпкем-жездем маған қарайлап қасымда болды. Бір жылдай бірге тұрдық. Ән де айтпаймын деп арманымнан бас тартқан едім. Бірақ кейін өзімді ұстап, аяғыма нық тұрдым. Өмір болған соң бәрі болады екен, бәріне көнеді екенсің”, – деді әнші.
Айта кетейік, Айдананың ағасы – әнші, композитор, “SuperStar KZ” байқауының финалисі, саксофоншы Ермек Меденов.
Дереккөз: stan.kz
05 мамыр 2018 ж. 1 934 0