№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Бозторғай жұлдыздары--2018

Бозторғай жұлдыздары--2018

   
Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғырубағдарламасы аясында өткен Сыр елі бүлдіршіндері мен жасөспірімдерінің шығармашылығына арналған
ХХ  облыстық "Бозторғай" өнер байқауына Жанақорған ауданынан "Әлшекей" атындағы өнер мектебінен облысқа жолдама алған үш талантты шәкірттеріміз: кіші топтан- Тасболатов Әзізбек, орта топтан- Нұрділлә Нұрсардар, Сарман Дамир осы жылдың, сәуірдің 5-6 күндері өткен  XX облыстық "Бозторғай" байқауына эстрадалық вокал жанры бойынша үздік өнер көрсетіп, жүлделі I--II  орындармен  марапатталып қайтты.
         Атап айтатын болсақ кіші топтан Тасболатов Әзізбек II- орын, орта топтан  Нүрділлә Нұрсардар  I- орын,Сарман Дамир II - орынды иеленіп қайтты.
         Ұстаздары осы байқауға  көп еңбек еткен болатын. Олар ұлағатты ұстаздар Шәрбану Жиенбаева мен Айгүл Өтегенова болатын.
         Осы шәкірттеріміміздің осындай дәрежеге жетуі тек ұстаздардың емес, олардың ата -анасының үнемі қолдау көрсетіп келе жатқаншексіз ризашылығы мен батасы болатын.
          Барлық баланыңата - анасы, әсіресе әжелері немерелеріне қолдау көрсетіп, демеп келеді екен. Әжелерімізге мың алғыс.  Тағы да мың алғыс-Шарипа әжемізге, Кенжегүл әжемізге, Лиза әжемізге!!!
          Ата-аналарымызға  шексіз ризашылығымды білдіремін.!
          Осы жерде шәкірттерімнің бірі --I- орын алған Нұрсардар жайлы арнайы тоқталып кеткім келеді .Өйткені Нұрсардар туған кезінде марқұм әкесі -Нұрлан арнайы ырымдап ,"осы ұлым Президент болар, болмаса сондай атын шығарар өнер иесі болар "-деп қойған екен.Яғни Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының "НҰР-ын!, Сара Алпысқызының "САР-ын", қызы дариға Назарбаеваның "ДАР-ын"-- алып , бүгінгі дарынды НҰРСАРДАРдың  есімі қойылыпты.
     Қойса қойғандай -ақ , нағашы  әжесі Кенжегүл  мен Роллан Бақтыбаевтарға тартқандығы да  көрініп тұр.
         Кезінде Жаңақорған ауданына гострольдік сапармен келген Нұржан Төлендиев Нұрсардардың аузына түкіріп, батасын берген екен. Барлық бата мен қанмен келген өнер қойсын ба шіркін!!!
         -Дегенмен "Марқұм  ағам Нұрланның да  домбырашертіп, "әу" дейтіні бар болатын,"- -деп есіне алады  туған інісі Нұрсұлтан Палуанов.
       Айта берсек әңгіме көп .Әр адамның өз оқиғасы жетерлік .дегенмен басқа шәкірттерім ренжімес деп ойлаймын.Оларда тектен тек әнші-өнерпаз болған жоқ. Олар жайлы келесі жолы арнайы айтып өтетінім хақ.
         Алдыңғы уақыттта да ата -аналарымыздың, ата-әжелеріміздіздің талантты ұрпақтары үшін демеушілік танытып, қолдау білдіріп жатса, аудандық "Әлшекей" атындағы  мектебінің де мерейі үстем болып, өнер биігінде самғайтынына сенімім мол.
     Жазған:Әнші, композитор  Шарбану Жиенбева
07 маусым 2018 ж. 2 317 0