Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Даралық дарыған бойжеткен

Даралық дарыған бойжеткен

Атасы мен әжесінің тізесіне отырып қос ішекті домбыраның шанағынан шыққан әсем әуенді тыңдап өскен Әсемнің музыкаға қызығушылығы ерекше болды. Есік алдындағы сәкіге, кейде үйдегі көрпешелерді қатарластыра қойып, үстіне шығып ән салатын оған үйдегілер мәз болып қол шапалақтайтын. Оның жанарындағы өнерге деген шексіз махаббатты, құштарлықты сезе білген үлкендер өнер жолын таңдағанына еш қарсылық білдірген жоқ. Керісінше, шығар биігің аласармай, өнерің алға жүзсін деп ақ батасын берді.
Әсем Ерболқызы бү­гінде Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы уни­вер­ситеттің, дәстүрлі ән факультетінің ІІІ курс студенті. Ол бүгінде түрлі өнер жарыстарына қатысып, жүлделі ора­лып жүр. Бұған дейін V халықаралық «Alash Star» байқауының дәстүрлі ән номинациясы бойынша бас жүлдені иеленсе, «Murager» дәстүрлі өнер жобасында «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша І орынды иемденген.
– Біздің шаңырақты өнерлі отбасы деуге болады. Ата-әжем де, әке-анам да өнер­ге жақын жандар. Қол­дарына домбыра алып әуелеткенде құлақ құрышың қанып қалады. Олар әрдайым маған қолдау білдіріп отырады. Айтқан кеңестері ма­ған өмірлік сабақ. Атам Мәжит Темірәлі көргені мол, қасиет дарыған ерекше жан еді. Маңдайымнан иіскеп, әрдайым ақ тілегін айтып, батасын беруші еді. Өнерпаз қызым деп айналатын. Ол кісі менің өнер жолын таңдауыма үлкен себепкер бол­ды. Атамның әрбір айтқан сөздерінен қу­ат алатынмын. Атам өмірден өтіп кеткенімен, оның әрбір айтқан өсиеті жадымда сақ­талып тұрады. Ал әжем Жүсіпова Аманкүл көз қуанышым, шаңыра­ғымыздың шаттығы бо­лып ортамызда жүр, – дейді бойжеткен.
Тал шыбықтай май­­­ыс­­­қан, қасы көзі қи­ылған әдемі арудың ата әжесі туралы ерекше шабытпен әңгімелеуінен оның мейірімге қанып өскен ізгілік ілтипаты сезіліп тұрды.
Әкесі Ербол Жүсіпов мал шаруашылығына ден қойған. Анасы Айгүл Мырзанқызы бас­­тауыш сынып мұға­лімі. Тұңғыштары Өр­кен мен Көркемнен кейінгі қыздардың үл­кені осы Әсем екен. Сондықтан да болар өзінен кіші сіңілдеріне қамқор, ағаларына қол­қанат. Анасының да сырласы. Әкесі ұдайы «Қызғалдағым» деп ер­ке­летеді. Әсемнен кей­ін інісі Сәкен, сіңілісі Әлия, Раяналар өмірге келіп қуантты. Өнердегі мақсаты жалпы ұлттық өнеріміздің өлмегендігін дәлелдеу, оны дамыту деп білетін аруға бағын­дырар биігің көп болсын дегіміз келеді.


Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
20 қыркүйек 2020 ж. 743 0