ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК


Аудандық М.Көкенов атындағы мәдениет үйінде, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 85 жыл толуына орай, ақынның шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды ән кеші өтті.

Кеште аудан өнерпаздары Н.Бабажанов, Г.Ибадулаева,Б.Әбжаппаров, С.Ділманов, ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын сахнада суреттесе, әншілер К.Әкімбаева, Ә.Камалова, М.Дәрібаев,Л.Андриасян, У.Ибрагимов, Р.Бақтыбаев, №163 мектебінің ұстазы Ж.Ибишов және «Экспресс» ансамблі ақынның сөздеріне жазылған, халыққа танымал әндерді орындап шықты.Кеш қонақтары №169 орта мектебінің оқушысы Ұ.Жаңабекова, №125 мектептің оқушылары Д.Ботай, Ә.Шанжархан, Т.Жанерке, Н.Ільясов, орталық кітапхана қызметкері С. Аманова көрермендерге ақынның өлеңдерін өз деңгейінде оқып шықты.
Көрермендер арасынан М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа білетін М.Тотаев, Өзгент ауылының балабақша қызметкері Ш.Қоңырбаева, № 169 орта мектебінің оқушысы Қ.Ералы және барлық қатысушылар ұйымдастырушы лар, «Экспресс» ансамблінің жетекшісі С.Жаңабеков, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы С.Алдабековалардың алғыс хатына ие болды.
13 ақпан 2018 ж. 1 375 0