№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Жыр жаттаған жүйріктер

Жыр жаттаған жүйріктер

Қисса-дастандар мен батырлар жыры қазақ ауыз әдебиетінің мәйегі, бағзыдан қалған бағалы мұрасы. Сол бағалы мұраны бабадан балаға жеткізудің ұтымды тәсілі – жатқа айтуды жандандыру. Осы бағытта Машбек ауылдық клуб үйінің ұйытқы болуымен «Батырлар – ел қорғаны» атты атаумен онлайн (қашықтан) түрде батырлар жырын жатқа айтудан мектеп оқушылары арасында өткен облыстық байқау өз мәресіне жетті.

Сыр өңіріндегі мектеп оқу­шылары қатысқан байқау­ды ау­дандық мәдениет бөлімі қол­­дап, білімпаздардың өнерін облыстық халық шығар­машы­лығын дамыту және мәдени продюсерлік орта­лық «Дәстүрлі өнер» бөлімінің мең­герушісі Майра Сәрсенбаева, аудандық «Жаңақорған тыны­сы» газетінің бас редакторы Нұрлат Байгенже және аудан­дық мәдениет үйінің әдіскері Найманбаев Айжарқын сара­лады.
Төтенше жағдай кезінде он­лайн түрде өткен әдеби жа­рысқа қатысушылар саны әдеттегіден көп болды. Оған ай­мақтың түкпір-түкпірінен 16 үміткер қатысты. Соңғы кездері Қазақстанда жыр айтудың жаңа үлгісі жарыққа шықты. «Тұл­пар мініп, ту алған!» жо­ба­сы аясында «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» сияқ­ты жырды жатқа айту эста­фетасы халық арасында серпін алды. Тіпті төтенше жағдай жарияланғынның өзін­де бүл үрдістің көлеңкеде қалып қоймауы көңілге қуа­ныш сыйлайды. Мұны мек­теп оқушыларының ауыз әдебиетінің өркендеуіне қосқан үлесі деп айтуға болады.
Онлайн бағытта өткен жыр жарысының мәнісі – батырлар жырын жатқа айту керек. Бастысы, жырдың көркем орындалып, тыңдаушыға әсер етуі. Олардың өз-өзін ұстауы, мәнерлеп оқуы, киім үлгісі де сарапқа салынды. Сонымен сарапшылардың шешімі бойын­ша аралдық Нұрназар Түрікпен бас жүлдеге лайық деп танылды. Бірініші орынды машбектік Серік­­болсын Шүкір алса, екінші орынды Жалағаш ауданы Жаңа­талап ауылының тумасы Мақпал Шаймен иеленді. Үштікті машбектік Назым Әбілбашар мен Сырдария ауданы Айдарлы ауылының оқушысы Гүлнұр Нуриддин түйіндеді. Жеңімпаз атанған жүлдегерлердің бар­лығы клуб үйі мен ауыл аза­маттарының демеушілігімен жинал­ған қаржылай сыйлықпен марапатталды. Қалған қаты­сушыларға ынталандыру мақ­сатында «Алғыс хат» берілді.
Жобаның мақсаты – рухы мықты, намысты, қайсар азамат тәрбиелеу. Өскелең ұрпақты қазақ халқының рухани құн­дылықтарымен сусындатып, отан­сүйгiштік қасиетке баулу болатын. Батырлар жырын жат­­тап өскен баланың жат ел­дiң идеологиясына бой алды­рмайтынын ата-аналарға ұғын­дыру еді. Машбек ауылдық клуб үйі ұйымдастырған бай­қаудан осыны ойға түйдік.

Лаура БИБАСАРОВА
12 маусым 2020 ж. 704 0