№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (8913) 27

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » » Термешілер байқауы мәресіне жетті

Термешілер байқауы мәресіне жетті

Сөз маржанын сазды әуенмен жеткізетін ұлы дала өнерпаздарын анықтайтын «Текті сөздің төресі-терме» атты аудандық жыршы-термешілер байқауы өз мәресіне жетті.

Қожакент ауылдық клуб үйінің ұйымдастыруымен өткен сайысқа көмейіне бұлбұл ұялаған 11 үміткер қатысты. Әр ауылдық округтен келген үміткерлер, үкілеген үміттері атадан балаға мұра болған өнерді дәріптеді. Сайыскердің ішінде жақсы өнер көрсеткен Жайылма ауылынан келген Ғалымжан Омаров бас жүлде, қожакенттік Гүлнар Қосымова бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Кейден ауылының өнерпазы Көкен Өскенбай , ал байқаудың үштігін қожакенттік Қожамұрат Әлімқұлов еншіледі. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттармен марапатталды.
04 қазан 2019 ж. 1 140 0