Сұхбат

№9 (8617) 31

31 қаңтар 2023 ж.

№8 (8616) 28

28 қаңтар 2023 ж.

Өңірлік

25 қаңтар 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
» » » Гүлшара Әбдіхалықова «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторымен кездесті

Гүлшара Әбдіхалықова «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторымен кездесті

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» Қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының  төрағасы, «Тіл сақшысы» газетінің бас редакторы Сәдуақас Аңсатты қабылдады.

Кездесуде Сәдуақас Аңсат мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтің 90 жылдығын атап өту  мәселесін көтерді.
Өңір басшысы қоғам қайраткерінің 90 жылдығына арналған шаралар легі облыстық кітапханада онлайн форматтағы конференциямен басталатынын айтты.
«Бастамаңызды қолдаймыз. Еркін Әуелбековтің 90 жылдығында өзге облыстардағы мемлекет және қоғам қайраткерінің замандастарымен бейнебайланыс арқылы кездесу ұйымдастырып, телеарналарда сұқбаттар мен арнайы хабар беруді жоспарлаудамыз»,- деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Сәдуақас Аңсат 1945 жылдың 12 қаңтарында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Жосалы кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын «Қызылордақұрылыс» тресіне қарасты құрылыс материалдары комбинатында арматура цехының шебері қызметінен бастаған. 1972 жылы Қызылорда облыстық атқару комитеті төрағасы орынбасарының көмекшісі, 1974 жылы облаткомның күрделі құрылыс басқармасының бастығы.
1982-2008 жылдары Қызылорда қалалық партия комитетінің 2-хатшысы, облыстық еңбек басқармасының басшысы, «Харрикейн Кұмкөл Мұнай» АҚ-на Ұңғыларды күрделі жөндеу басқармасы бастығының орынбасары, қоғамдық негізде «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы»   қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының бастауыш ұйымдары комитетінің төрағасы және кәсіподақ төрағасының орынбасары, Астана қаласы Коммуналдық меншік басқармасының бөлім бастығы, ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттік төрағасының кеңесшісі, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы Орталық аппаратының бас инспекторы, «Атамекен холдинг» АҚ директорлар кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған.
11 маусым 2020 ж. 536 0