Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 143

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 158

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 987

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 487

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 682

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 669

№25 (8633) 28

28 наурыз 2023 ж.

№24 (8632) 25

25 наурыз 2023 ж.

№23 (8631) 21

21 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Аймақ басшысы Бақ өкілдерімен кездесті

Аймақ басшысы Бақ өкілдерімен кездесті


Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова белгілі журналистер Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітова, «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев және "Егемен Қазақстан " газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаевты қабылдады.

Кездесуде аймақ басшысы баспасөздің, бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.
"Осындай қысылтаяң шақта ғаламторда, әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар тарайды. Осы ретте, журналистердің халыққа нақты әрі шынайы ақпарат жеткізуі аса маңызды. Сіздермен бірігіп жұмыс істейтінімізге сенемін ",- деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
«Сыр медиа» ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев өңір басшысының қызметіне сәттілік тілеп, "Сыр медиа" ЖШС қарасты мерзімді басылымдардың жұмысына тоқталды. 555 адамды жұмыспен қамтып отырған мекемеде газетті шығарып, баспаханасында басып, тарату жұмыстары жолға қойылған. Аманжол Оңғарбаев журналистерге сыйақы тағайындау қажеттігін айтты.
Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының директоры Қаршыға Есімсейітова мен "Егемен Қазақстан " газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев та аймақ басшысына БАҚ өкілдерін марапатқа ұсынуды, Жазушылар одағына мүшелікке жастарды қосуды және әрқашан бірге жұмыс істеуге әзір екендіктерін жеткізді.
Аймақ басшысы бұл БАҚ өкілдерімен алғашқы кездесу, карантин уақыты аяқталған соң, кең құрамда тағы бір кездесу өткізетінін айтты.
"Мемлекет басшысы төтенше жағдайға байланысты тапсырма берді. Қаржы бөлді. Енді ел экономикасын көтеру бағытында жұмыс істеуіміз қажет. Айтылған
ұсыныс-пікірлеріңіздің барлығы қаралады. Халық пен билік арасындағы алтын көпір болған журналистерге шығармашылық табыс тілеймін",- деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
03 сәуір 2020 ж. 575 0