№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Бір үзім нан

Елімізде содыр саясаттың зардабынан туындаған аштық мәселесін көтерген режиссер – драматург Әмір Мәжитов ағамыздың «Бір үзім нан» пьесасы өткір де өзекті мәселені батыл көрсете білуімен көп көңілінен биік бағасын алған шығарма.

Аштықтан босқан жұрт тау, тас асып, талғажау іздеп кетті.Халықтың басындағы осындай ауыр халін жоғары биліктің құлағына естіртпек болған көзі ашық, білімді де, белсенді азаматтарымыз бірігіп жазған «Бесеудің хаты» бүгінгі қоғам үшін туғаны жолында тәуекелге бел буып, әз басын тәуекелге тігетін намысты ерлерден тарихтың кенде болмағандығының анық бір белгісіндей.
Қырына алған халыққа қысым көрсетіп, маң дала, мыңғырған малынан айырып, жай – күйін жұтату арқылы жәутеңкөз жарлы атандырып, өздерінің ықпалына барынша бағындырып алуды ойлаған большевиктер жоспары күн сайын қаһарына мініп ұлт басына қалың қара бұлтты үйіре түсті. Үсті -үстіне қайталанған жұттың салдарынан қара халық жан бағудан қалып, қайыр сұрап кетті.
Әмір Мажитовтың сол кезеңнің шындығын айна – қатесіз көрсете білген «Бір үзім нан» пьесасы – қазақ тарихындағы геноцидтің зобалаңын боямасыз күйде тұңғыш көрсете білген алғашқы театр қойылымы ретінде де тарихи тақырыптың тұсауын кесті.
Әмір Мәжитов 1960 жылдардан бастап танымал өнер иесі Мариям Раишеваның басшылығымен аудандық театр сахнасында спектакльдерде ойнай бастады.Қалтай Мұхамеджановтың «Құдағи келіпті», «Өзіме де сол керек», «Бөлтірік бөрік астында», Оразбек Бодықовтың «Қанжар мен домбыра», «Қарақұм трагедиясын», Сәкен Жүнісовтың «Ажар мен ажал» пьесасын сахналады.Жаңақорған және Бірлік драма ұжымының «Халық театры» атағын алуына Әмір Мәжитов ағамыздың қосқан үлесі көп.
Әрі режиссер, әрі әнші -термеші бола жүріп кешегі тарихтың тірі куәгерлерінің әңгімелері желісінде «Бір үзім нан» пьесасын жазып шықты. Бұл спектакль Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы театрда өткен республикалық театрлар байқауында бас жүлдені жеңіп алып, одан әрі Қазақстаннның басты қалаларында сахналанды.
Қылышынан қан тамған социалистік кезеңнің дегені жүріп тұрған, қатал цензураның тұсында бұл туындының жарыққа шығуы шынында да ерлікке папа-пар еді.
Енді пьесаның қысқаша мазмұнына тоқталып өтсек, ол былай өріледі.
Пьесаның басты кейіпкері Бақтыгүл ұлы Мейірбек пен жары Ұлықбектен ашаршылық кезінде айрылып зар жылап қалады.
Кешегі ашаршылық зобалаңын бастан өткерген қос мұңлық – Ұлықбек пен Бақтыгүлдің тағдыры суреттеледі.
Бақтыгүл аштыққа қамалып, ауру жамап, жүруден қалған ері мен жалғыз ұлы үшін тырбанып тірлік жасап, бай үйіне жалданған. Тіпті зорлықшыл күштің не сойқанына да төзіп бағуға тырысты. Сөйтіп жүріп тапқан талғажауды қойнына тығып арып-ашып жеткенде, туған ошағы сұп-суық азынап, тіршіліктің белгісі білінбеді. Ол осылайша өмірдегі ең жақындарынан айрылып, қайғыдан қан құсып қала берді.
Тірі жан тіршілігін жасайды. Шығарманың соңында бүгінгідей тоқшылық заманда басындағы бақтың қадірін білмей, дүние байлықты биік бағалап, нантепкі мінез-қылықтарымен Бақтыгүл әженің қасіретті кеудесін күнде жаралайтын ойсыз, мұңсыз жандар бет-бейнесін сәтті бейнелеп бере алған. Олар бізге беймәлім біреу емес, осы Бақтыгүл апаның келер күнге үмітін жалғап, өмірге әкелген ұрпағы Сағынбектің және оның келіншегі, қаланың ерке қызы Назгүлдің төңірегінде өрбиді.
Адамшылықтан гөрі асыл-жақұтқа артығырақ әуес Назгүл келіннің ененің дайындаған құрт қосқан көжесін “мынау не жуынды” деп дәм татпай қойған кесірлігі кейуана көңілін қатты жаралайды. Күні кеше осы бір түйір сықпа құрттың көзден бал-бұл ұшып. бір үзім нанға қол жеткізе алмаудан оның өзінің көз алдында жанының бір бөлшегіндей болған перзенті де, өмірлік қосағы да қаза болып кеткен жоқ па?
Нанның қадірін бұлар неге білмейді?
Әмір Мәжитов ағамыз қазақ театр тарихында кеңестік жүйенің қазақ халқына жасаған қанқұйлы әрекетін жазған жалғыз адам десек қателеспейміз. Бұл оның қаламгер ретіндегі ғана емес, туған ұлтының нағыз перзенті ретіндегі ерлігі. Тек бір ғана трагедиясы – есіл таланттың театр оқуын оқымағандығы.
“Ол кезеңдері ата-ананың да пікіріне ден қойған жастың әртістік деген шайтанның ойыны” деген әке ұстанымына қарсы келе алмағандығы анық. Ал анығына келгенде, құдай бойға берген талантты сарқа жұмсап өмірді ізгі бағытқа бұруда өрелі өнердің қаншалықты рөлі, маңызы бар екенін ескінің адамдарының жете түсіне қоймағаны анық.
Әмір аға үлкен театрға, үлкен режиссураға келмесе де үлкен деңгейдегі режиссер бола білді. Сонымен бірге, ол Жаңақорған халық театрын кәсіби деңгейге көтере алды.
Республикалық деңгейде бас жүлдені жеңіл алған “Бір үзім нан” сынды шығарманы жазу сол кезеңдегі еш драматургтің қолынан келмеген еді. Ал оның бағын ашқан ағамыздың ел ішін талмай шарлап жүріп, тапқан өнерпаздары болатын. Ол кезде қазіргідей Мәдениет бөлімінде арнайы штат көп емес. Әр түрлі мекеме, ұжымдардан өнерге жақын тұлғаларды тауып, оларды сахнаға бейімдеу, тәрбиелеу таудай талапты жұмысты қажет ететін. Бұл орайда осы істің басында жүрген Әмір ағаны тума талант дер едік.

Баян ҮСЕЙІНОВА
30 мамыр 2020 ж. 849 0