№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫМЕН (Жастарға үндеу)

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫМЕН (Жастарға үндеу)


Төл тарихтың сырларына қанықпыз,
Талай-талай тәуекелге барыппыз.
Өткеніңе көз жіберсең егерде,
Зұлмат жылдар алауында жаныппыз.
Ашаршылық заманында кешегі,
Аштық жайлап, әзер аман қалыппыз.
Қуғын-сүргін езіп елдің еңсесін,
Арыстарды жау қолына салыппыз.
Ұлы Отан соғысында сап түзеп,
Отан үшін қолға қару алыппыз.

Бодандықтан бас көтермей сан жылдар,
Өзіңді емес, тек өзгені таныппыз...
Отар елдің отын жағып маздатып,
Қолдағының барын беріп бағыппыз.
Желтоқсанның жаңғырығы естіліп,
Тас түнекті жарып шықтық анық біз.
Азаттықтың ақ таңымен нұрланып,
Келешекке көш түзеген халықпыз.

Егемен ел енді ешқашан сүрінбе,
Барша әлемге естілуде үнің де.
Ел бастаған Елбасының арқасы
Қазақ елі қанат жайды бүгінде.
Тарихымыз түгенделді қайтадан
Тұғырына қонды ана тілім де.
Иманды елді ізгілікке шақырар
Қайта оралды менің текті дінім де. 
Салт-дәстүрім дәріптеле бастады
Негізделген көне дәстүр ілімге.
Елім жатыр рухани жаңғырып,
«Кемелденген ел болам» деп түбінде.
Ұлы Дала ұрпағымыз біз бүгін 
Ұмтыл алға ұлағатқа жүгін де.
Біз дамудың даңғыл жолын таңдадық,
Жарқын өмір келері хақ, түңілме.
Ел ертеңі білім ұрпақ қолында,
Жарқын өмір кілті терең білімде.

Қазақ елі енді қайғы көрмесін,
Басымызға қара бұлт кеп төнбесін.
Қуғын-сүргін, аштық, соғыс кешегі,
Еліміздің есігінен енбесін.
Ел еңсесін түсірместен ешқашан
Жастарымыз жатқа тізгін бермесін. 
Ғани Мұратбаевтардың жолымен
Қайсарлықпен биіктерге өрлесін. 
Елге іріткі салып жүрген сан түрлі 
Жат ағымның жетегіне ермесін.
Рухани жаңғырумен осылай
Тарихымның танып алтын көмбесін.
Жасымасын жастарымның жігері
Білімді ұрпақ болашаққа төрлесін. 
Мәңгілік Ел мұратына жетейік
Егеменді елдігіміз елге сын.
Қазағымның көк байрағын көтеріп,
Азат күннің алтын нұры сөнбесін.
20 сәуір 2018 ж. 1 287 0