№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Киелі сахна – асыл қазына

Киелі сахна – асыл қазына



Өзім үшін осы ауқымды шара ерекше әсер қалдырды. Себебі, республиканың түпкір-түкпірінен жиналған халық алдында, ең қобалжыған сәтім, Қазақстанның халық әртісі, Тұңғышбай Жаманқұловтың алдында үлкен сахнада алғаш рет рөл сомдап шығуым. Яғни, Әмір Мәжитовтың «Бір үзім нан» қойылымындағы Мейірбек деген баланың персонажын сомдадым. Әуелгіде қорқыныш болғаны рас. Бірақ тебіреністі жеңіп, өзім қатысқан Жаңақорған халықтық театр ұжымы 1-орынды жеңіп алғанда қуанышымда шек болмады. Осы күннен бастап, өзімнің болашақ мамандығымды тапқандай болдым.
Жақында ғана пролог, кіші көрініс болса да, сомдаған рөлім – Елбасының балалық шағы. Яғни, 1-желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған "Мәңгілік елдің кемеңгер көшбасшысы" атты мерекелік шара еді. Ал, Елбасының балалық шағын сомдайсың дегенде қуанышқа қоса, өнер ұжымының сенімін ақтап, шабытты серік етіп, бойыма жігер қондырып, шын пейілмен ойнап шыққаныма өзім риза болдым.
Өзім білім нәрімен сусындап жүрген кенттегі №169 орта мектептің тәлімгері Мақпал Сейітованың ұйымдастыруымен 5-7 сынып оқушылары арасында өткізілген «Мың бала» акциясы аясында қазақ батырларының ерлігі мен өнегелі өмірін насихаттап, ұлттық рух пен батырлығын ұрпақ бойына сіңіріп, өскелең ұрпаққа үлгі өнеге көрсету мақсатында өткізілген шарада Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың өмірінен қысқаша үзінді көрсетіп, біздің сыныптың бас жүлдені қанжығасына байлауына барымды салдым. Шығармашылық шыңдалуыма бағыт-бағдар беріп жүретін сынып жетекшім – Алипбаева Жанар апайға айтар алғысым шексіз.

Алмас ҰЛАН.
06 қаңтар 2018 ж. 2 655 0