№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Қызметші мен қожайын"

"Қызметші мен қожайын"

Баяғыда бір ауқатты кісі кедей адамды өзіне қызметші етіп алыпты. Қызметшісі сондай сымбатты, ал оны қызметке алған адам сұрықсыздау екен. Бірі әмір беріп, екіншісі оның бұйрықтарын орындап, қызмет етумен күндер өтіп жатыпты. Күндердің күнінде аптап ыстық пен аштықтан сол өңірде көптеген адам көз жұмыпты. Сонда кедей қызметші «Қожайыным екеуімізді танитындар жоқтың қасы, бәрі жұтта өліп кетті.

Менің сымбатты көркім нағыз қожайын болуға лайық қой. Ал мына сұрықсыз ендігі уақытта маған қызмет етсін» деген оймен ауқатты адамға:
— Ей, қызметші, мен саған қожайынмын, – депті.
Осылайша екеуі сөз таластырып, айтыса бастапты. Олардың бұл тартысы бір әділ адамның құлағына жетіпті. Әлгі адам кімнің қожайын, ал кімнің қарапайым қызметші екенін білу үшін екеуін биік мұнараға кіргізіп, оның терезесінен қолдарын созып сыртқа шығаруын өтініпті. Ал екеуі оның айтқанын істеген екен. Сол кезде жерде тұрған данышпан адам жоғарыдағы баскесерге:
— Ал, енді жақсылап қара да, кімнің қолы қызметшінікі деп ойласаң, соны шауып таста! – деп айғайлапты. Мұны естіген қызметші қолын дереу тартып алған екен. Осылайша жұрт кімнің қожайын, ал кімнің қызметші екенін біліпті.
28 қазан 2019 ж. 811 0