№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » 23 жасында тарихта өшпес ерлік жасаған батыр

23 жасында тарихта өшпес ерлік жасаған батыр

  23 жасында тарихта өшпес ерлік жасаған батырдың бірі – Романов. Бұл Романов бірнеше ғасыр патшалық Ресейді билеген Романов әулетінің өкілі емес. Ұлы Отан соғысында 19 фашистің көзін құртып, 15 рота автомашинасы мен 45 автомат және 9 станокты пулеметті қолға түсірген Александр Романов.


  Александр Дмитриевич 1922 жылы 18 қаңтарда Жаңақорған ауданының Төменарық ауылында дүниеге келді. Ол ауылдағы білім ордасында әріп танып, білімін шындайды. Болмысы ерек жігіт қатарластарынан салмақты мінезі мен білімге деген құштарлығымен ерекшеленіп, ұстаздарының көзіне ілігеді. 6 сыныпты бітіргеннен кейін еңбекке араласып, Жаңақорған поселкесінде пошта қызметінде басшы болып қызмет етеді. Бала кезінен бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтын ол әскери училищеде ұйымдастырушылық қабілеті мен ілімге деген ықыласымен курсанттардың көшбасшысы ретінде бағалана бастайды. Гомельск жаяу әскер училишесін 1942 жылы бітіріп, екінші дүние жүзілік соғысқа араласады. Осы жылдың маусым айында Еділден Эльбаға дейінгі аралықта неміс әскерімен ұрысқа шығады. Украин майданының 3-ші гвардиялық танк әскеріне қарасты 70-батальонында рота командирі аға лейненант Романов талантты әскери қолбасшы ретінде талай рет жау қолын талқандауда ерлік көрсете біледі. Әсіресе Берлиннің іргесіндегі Нейсе өзінінің жағасында жауынгерлер ерлік көрсетеді. Ерлік көрсеткені сол, 104 неміс жауынгерінің көзін жойып, 118-ін тұтқынға алады.
1945 жылы 11 наурызда асқан ерлігі мен басқарушылық талантымен А.Романов «Қызыл Жұлдыз» орденін омырауына тағады. Сол жылдың 23 сәуірінде оның ротасы күші бірнеше есе басым жаудың алты бірдей шабуылын тойтарып, Тельт каналын кешіп өтіп, плацдармды иеленеді. Сосын 11 күн Кеңестік негізгі әскер келгенше плацдармды қорғайды. 27 сәуірде неміс әскерімен ұрыс кезінде жараланып, қайтыс болады. Ұрыс даласындағы қайтпас батырлығы мен өшпес өжеттігімен Берлин қаласына дейін келген аға лейтенантты Берлин қаласына жерлейді.
1945 жылы 27 маусымда Жоғарғы Кеңес Президиумы шешімімен Александр Романовқа әскери тапсырманы тыңғылықты орындағаны және ерлігі мен қайсарлығын бағалап Кеңес Одағының батыры атағы беріледі. Сондай-ақ Ленин орденімен марапатталады.
Батырдың есімін ұлықтау мақсатында 1967 жылы өзі оқыған Төменарық ауылындағы №53 орта мектепке батырдың есімі беріледі.
Бүгінде мектеп мұражайында батырға арнайы орын беріліп, онда Романовтың өмірбаяны мен ерліктерін баян ететін материал, суреттер мен туыстарының хаттарын көруге болады.
***
«Тарихын білмейтін халықтың болашағы жоқ». Бұл сөз біздің бойымызда өз халқымыздың тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен қызығушылықты тәрбиелейді. Әсіресе, елдік жолда ерлік көрсеткен батырларды дәріптеуге үндейді. Себебі, батырлар елдің болашағы үшін отқа түсті, келер ұрпағын, бізді қорғады. Енді сол батырлардың ерлік жолын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында насихаттаудың маңызы зор.
Мұндай жоспарлы шаралар №53 А.Романов атындағы мектепте жиі өткізіледі. Кеше Ұлы Жеңістің 74 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Онда аудандық мәслихаттың депутаты, мектеп директоры Нарымбет Көлжанов пен Төменарық ауылдық округінің әкімі Нұркен Қошқарбеков арнайы қатысып, Ұлы Отан соғысының батыры Александр Романовтың батырлық рухы жөнінде кеңінен тоқталып, жастарға үлгі етті.
– Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгініміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған, елдің тұтастығы, жұрттың тыныштығы үшін кеудесін отқа тосқан батырлар аз емес. Ерлік пен батырлықтың мерекесіне айналған – Ұлы Жеңіс күні сондай даңқты батырларымызды ұлықтап, жастардың бойына патриотизм рухын сіңіру аса маңызды жұмыс. Бүгінгі шарада сондай мұратпен ұштасып тұр, – деді Нұркен Орынбекұлы.
Мерекелік шара барысында ұстаздар мен оқушылар Романовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, батырдың соғыстағы ерліктерін еске алды.

Расул ӘДІЛБЕКОВ.
09 мамыр 2020 ж. 1 190 0