Соңғы жаңалықтар

Құқықтары қорғалуда

05 тамыз 2025 ж. 117

№58 (8872) 5

05 тамыз 2025 ж.

№57 (8871) 2

02 тамыз 2025 ж.

№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » » Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығы

Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығы

Түркі әлемінің ұлы ойшылы Жүсіп Хас Хажыб Баласағұн 1020 жылы ортағасырлық Баласағұн қаласында дүниеге келді.

 Ғалымның өміріне қатысты мәліметтер аз сақталған. Алғашында Баласағұнда, кейін Қашқарда білім алды. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, әдебиет, тіл білімі және тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.
Жүсіп Баласағұнның есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. «Құтты білік» – түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы, көне түркі тілінде жазылған. Баласағұн дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, қоғамның тағы басқа мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керек екенін жеке-жеке баяндап шығады. Ол бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Қара Арслан Боғра ханға тарту еткен. Осыдан кейін билеуші Жүсіпке «хас хажип», яғни, «бас уәзір»  деген атақ берген екен.
07 ақпан 2020 ж. 1 198 0