№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қазақ даласында алғаш мектеп ашылды

Қазақ даласында алғаш мектеп ашылды

1864 жылы 8 қаңтарда Торғайда қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп ашылды. Бұл жайында Ыбырай Алтынсарин Н.И. Ильминскийге «Менің көптен күткен мектеп ашу арманым орындалды, ол мектепке 14 қазақ баласы – тым тәуір, саналы балалар келіп түсті», деп  жазды.
  
1860 жылы облыстық басқарма Алтынсариннің көптеген өтініштерін қанағаттандырып, Орынбор басқармасында қазақ балалары үшін бастауыш мектепті ашуға рұқсат берді. Шалғай қалада мектеп ашу қиын болды (қаражат, мектеп ғимараты және оқу құралдары болған жоқ). Облыстық басқарма және жергілікті болыстар осы маңызды іске суық қарады. Патша өкіметінің өзі-де халықты, ағартуға мақсат қойған жоқ, оған тек тілді білетін іс жүргізушілер ғана керек болды. Алайда қиыншылықтар Алтынсаринды тоқтата алған жоқ.
Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин 1861 жылы Торғай мектебінде мұғалім қызметіне орналасқан тұңғыш қазақ болды. Осы оқиғамен, өзінің ағартушылық идеяларымен рухы көтерілген Ыбырай Алтынсарин ауылдарға барып, білімнің маңыздылығын түсінідіріп отырды. Жергілікті тұрғындардан қаражатты жинап, өзінің кейбір сақталған, ақшаларын салып, Алтынсарин мектеп ғимаратының құрылысына кірісті.
Құрылысқа дайындалған кезінде қамалдың комендантында аудармашы болып жұмыс істеп жүріп, Алтынсарин ауылдан балаларды әкеліп, оларды үйде орыс тіліне оқытты.
1864 жылы 8 қаңтарда мектептің салтанатты ашылуы өтті. Қазақ даласында оны «Қара шаңырақ», «алғашқы қарлығаш» деп атады. Ыбырай Алтынсарин өзінің алғашқы «Кел, балалар, оқылық!» атты өлеңін жазды, сол өлең досы Н. И. Ильминскийге арналған мұрағат хатында жазылған және сақталған.
08 қаңтар 2020 ж. 1 526 0