Қазақ сахнасының серісі
1913 жылы 27 желтоқсанда Шахан Әлімханұлы қазіргі Павлодар облысы Май ауданы Үлкен Ақжар ауылында дүниеге келді.

Оның киелі өнер әлеміне келуіне жора жолдастары, тілеулестері еді. Себебі кейіннен Шахан Мусин Шәкен Айманов, Қалижан Бекхожин сияқты кино өнерінің саңлақтарына арнаған өлеңдерінде жақсы көрсеткен еді. Әсіре театр және кино әлемінде үлкен серпіліс беруі бала шақтан бірге өскен, бірге оқыған жолдасы Шәкен Айманов, алғашқы рет киноға шақырып түсірген үлкен талант иесі, кинорежиссер Мәжит Бегалин, атақты опера әншісі, үлкен ұстаз, профессор Кәукен Кенжетаев сынды азаматтар өнерінің өрлеуіне әсер етті. 1954 жылы Алматы қаласындағы Балалар мен жасөспірімдердің қазақ академиялық театрының әртісі болып өнер жолына аяқ басты. 1957 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ академиялық драма театрының әртісі болды.
Көзін көрген әріптестерінің айтуынша Шахан Мусин сахнаға шығып, образды сомдағанда көрерменнің жан дүниесі қозғалып, екі ара байланыс орнайтын. Ол сияқты бүкіл тұла бойымен беріліп ойнайтын актер қазіргі таңда кемде-кем. «Жүріс-тұрысы, ішкі мәдениеті, әр уақытта бізге үлгі болды. Рөлдерді сомдағанда біз Шәкеңнің жанында жүретінбіз. Соның барлығы бізге үлкен мектеп болды», – дейді ССРО Халық әртісі Асанәлі Әшімұлы. Шахан Мусин негізінен ойнаған сахналық бейнелерінің көбісі – халық өкілдері, зиялы қауым бейнелері. Мысалы: Ақан (Ғ. Мүсірепов, «Ақан сері – Ақтоқты»), Сырым (Әуезов, «Қарагөз»), Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев «Абай»), Махамбет (Ғ. Сланов осы аттас пьесасында), Сапар (Т. Ахтанов «Сәуле»), Әпенде (Назым Хикмет, осы аттас пьесасында), Моцарт (А.С. Пушкин, «Шағын трагедиялары») т.б.
1955 жылдан бастап кино әлеміне де аяқ басты. Ең алғашқы түскен кино картинасы толық метражды Мәжит Бегалиннің «Бұл Шұғылада болған еді» деген фильмінде эпизодтық рөл болды. Соңғы түскен фильмдері: «Жердегі істер», «Кінәсін өтеу», «Кек», «Сұлтан Бейбарыс», «Отызыншыны жою!». Барлығы 26 фильмге түскен. 1966 жылы ҚазССР халық артисі деген атақ берілді.