№20 (8934) 17

17 наурыз 2026 ж.

№19 (8933) 14

14 наурыз 2026 ж.

№18 (8932) 7

07 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аида Балаева еріктілерді Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады

Аида Балаева еріктілерді Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады


Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева волонтерлік қозғалыс еліміздегі қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын атап өтті. Сондай-ақ еріктілердің мәдениет пен білім, экология мен медицина, әлеуметтік қолдау мен қайырымдылық салаларының дамуына үлес қосып жатқанына тоқталды.
«Кейінгі жылдары Қазақстанда волонтерлікті мемлекеттік қолдаудың біртұтас жүйесі қалыптасты, ол әрқашан мемлекеттік саясаттың назарында. Дәл бүгін БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы Штаб-пәтерінде Орнықты даму жолындағы Халықаралық волонтерлер жылы ресми бастауын алады. Біз аталған жылды жариялау бастамасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқанын мақтан тұтамыз.
Барлық волонтерлерге еліміздің дамуына қосқан үлесі, табандылығы, мейірімділігі мен өз ісіне адалдығы үшін шын жүректен алғыс айтамын» , - делінген құттықтауда.
05 желтоқсан 2025 ж. 1 275 0