№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері


2025 жылғы 5 желтоқсан күні Астана қаласының конгресс-орталығында «Парыз-2025» сыйлығын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Әлеуметтік жауапкершілік бойынша республикалық «Парыз-2025» конкурсының «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша ірі кәсіпкерлік санатындағы алтын жүлде «СКЗ-U» ЖШС-не берілді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева «СКЗ-U» ЖШС-нің бас директоры Орынбасаров Сағыныш Алмасбайұлына бірінші дәрежелі диплом мен «Парыз-2025» алтын мүсіншесін табыстады.
Еліміз бойынша ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың бірі «СКЗ-U» күкірт қышқылы зауыты аудан территориясында жұмыс істей бастағалы жылына 500 мың тонна, ал тәулігіне 1500 тонна өнім шығарып, өңіріміздегі кен байытушы кәсіпорындардың қажеттілігін қамтамасыз етіп келеді. Өндірістік әлеуеті жөнінен шетелдерге де танымал. АҚШ сынды алпауыт мемлекеттердің азаматтары да арнайы келіп, әріптестікте жұмыс істеуге мүдделілік басым. Болашақтағы келісімшарттар да осы бағытта өрістей бермек.
Аудан жұртшылығы атынан ұжым жетістігіне шын тілектестігімізді білдіреміз.
05 желтоқсан 2025 ж. 1 559 0