№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Білекке емес, білімге сенетін заман

Білекке емес, білімге сенетін заман

Ендігі кезекте, Қазақстанда қандай мамандықтар сұранысқа ие сұраққа жауап іздеп көрдік. Бірден айту керек, бүгінде техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары.


ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан берілетін грант бөлінісінде осы бағытқа басымдық берілген. Яғни, 40 пайыздан астам артық мемлекеттік грант техникалық сала мамандықтарына бөлінеді екен. Әсіресе, өнімді өңдеу саласында шеберлердің жеткіліксіз екені анықталған. Жауапты министрліктің мәліметінше, 2015 жылы мына мамандықтарға қажеттілік кең ауқымда туындаған. Транспорт саласы 31 мың, энергетикалық инфрақұрылымға 8 мың, тау-кен металлургиялық кешеніне 23,4 мың, машина жасау 6,5 мың маман қажет болған. Оған қоса, қазақстандық нарықта механик, слесарь, дәнеркерлеуші, құрылғылар операторы, электр монтаждаушы сынды мамандық иелерінің жетіспеушілігі байқалған. Сондай-ақ нарыққа аса қажет мамандар бар. Олар: ІТ-маман, сервис нано және биотехнологияны меңгерген кадрлар. Айта кететіні, бұл кадрларға алдағы 10 жыл ішінде сұраныс жоғары болады. Бұл салаға информатика, физика, химия тәрізді ғылымды жетік меңгерген жас ғалымдар тапшы. Заман талабына сай, сұранысқа ие мамандықтар легі әзірге осы.
Түйін. Әрине, тағылымды түйін қашанда құнды. Олай дейтінім Тұңғыш Президенттің «Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман» деген қанатты сөзі жастардың өімрілк ұстанымына айналса игі. Өйткені, өс ісінің шебері не майталман маман болу үшін немесе кәсіп ашу білім мен сауаттылық қажет. Яғни қандай мамандық таңдасақ та, сапалы кадр және мықты маман қашанда міндетіне мығым болуы тиіс екенін әсте естен шығармаған абзал.
13 қазан 2019 ж. 1 219 0