№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » МЫҚТЫ МАМАН МІНДЕТІНЕ МЫҒЫМ

МЫҚТЫ МАМАН МІНДЕТІНЕ МЫҒЫМ

«Біз 2014 жылдан бастап мектеп түлектерін мақсатты түрде үздік отандық  және ресейлік жоғары оқу орындары мен колледждерге жіберіп келеміз. Алғашқы 62 студентіміз осы айда Ресейдің маңдайалды инженерлік оқу орындарының дипломдарын алып, елге оралады, олардың ішінде  13 түлек магистратурада оқуларын жалғастыруды жоспарлап отыр. Облыстың бірқатар кәсіпорындары түлектерді жұмысқа қабылдауға дайын». Бұл аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың облыстық мәслихаттың  XXІ-сессиясында сөйлеген сөзі.
Иә, Сыр өңірінде төрт жыл бұрын бастау алған білім жобасы бүгінде өз жемісін беруде. Түлектердің алды бітіріп, диплом алуға аз қалды. Халық қалаулылары алдында Қызылорда облысы бойынша 6 айда атқарылған тындырымды тірліктерді баяндаған облыс әкімі Қ.Көшербаев Ресейде оқу орнын бітіргелі отырған қызылордалық жас мамандарың жұмыссыз қалмайтынын жеткізді. Мысалы, «ҚазАтомПром» кәсіпорны 11 жаңа жас маманды, ал, «Гежуба Шиелі Цемент» серіктестігі 8 адамды жұмысқа қабылдауды жоспарлап отырса, «СКЗ-U» күкірт қышқыл зауыты,  Қызылорданың кішітонажды мұнай өңдеу зауыты, «Кристалл менеджмент» және басқа да ірі кәсіпорындар түлектерді  жұмысқа қабылдауға тілек білдіріп отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ бірқатар түлектер мемлекеттік қызметтің кадрлық резервіне алынатын болады. 
Оған қоса, жыл сайын ауылдық жерлердегі көпбалалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан түлектер үшін облыс әкімінің 100 гранты бөлінеді. Бүгінде мұндай грантты иеленушілердің саны 700 адамға жеткен. Биылдан бастап облыс әкімінің гранты 2 есеге өсті.Олардың 70 пайызы ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтарға бөлінетін болады. 
Сонымен бірге, жыл сайын Қазанның «Иннополис» университетімен қызылордалық балаларды оқыту туралы келісім жасалды. Мәскеудегі «Сколково» инновациялық орталығымен ынтымақтастық орнатылуда. Үстіміздегі жылдан бастап М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің «Киберқауіпсіздік» және «Процестерді математикалық модельдеу» мамандықтары бойынша Қызылорда жастарына магистратурада оқу үшін 20 грант бөлінетіні белгілі болды. Бұған қосымша шілде айының басында Астанада ЕвраАзЭС-тің парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университетпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Оның құрамына 3 институт, 4 факультет, 17 кафедра кіреді. 
Жоғары оқу орнының негізгі мамандықтары «Юриспруденция», «Сервис», «Туризм», «Экономика», «Менеджмент», «Кеден ісі», «Жарнама және жұртшылықпен байланыс», «Конфликтология», «Дизайн», «Декоративті қолөнер және халықтық кәсіпшілік», «Сауда ісі», «Психология».  
– Қазір – қабілеттілікке қол жеткізетін ең қажетті деген маман кадрларды дайындау заманы. Біздің өрендеріміз білім алатын университеттің жаңа бағыттарының бірі – бизнес-информатика. Осы мамандық аясында цифрлы экономиканың дамуы кезінде маңызды болып отырған блокчейн және криптовалютаны меңгеретін болады.  Университет жыл сайын түсу емтихандарын сәтті тапсырғанҚызылорда облысының түлектеріне 10 білім беру грантын бөлетін болды, – деді аймақ басшысы  облыстық мәслихаттың  XXІ-сессиясында сөйлеген сөзінде. 
Бірден айту керек, бүгінде техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары. ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан берілетін грант бөлінісінде  осы бағытқа басымдық берілген. Яғни, 40 пайыздан астам артық мемлекеттік грант техникалық сала мамандықтарына бөлінеді. Әсіресе, өнімді өңдеу саласында шеберлердің жеткіліксіз екені анықталған. Министрліктің мәліметінше, 2015 жылы мына мамандықтарға қажеттілік кең ауқымда туындаған. Транспорт саласы 31 мың, энергетикалық инфрақұрылымға 8 мың, тау-кен металлургиялық кешеніне 23,4 мың, машина жасау 6,5 мың маман қажет болған. Оған қоса, қазақстандық нарықта механик, слесарь, дәнеркерлеуші, құрылғылар операторы, электр монтаждаушы сынды мамандық иелерінің жетіспеушілігі байқалған. Сондай-ақ нарыққа аса қажет мамандар бар. Олар: ІТ-маман, сервис нано жәнебиотехнологияны меңгерген кадрлар. Айта кететіні, бұл кадрларға алдағы 10 жыл ішінде сұраныс жоғары болады. Бұл салаға информатика, физика, химия тәрізді ғылымды жетік меңгерген жас ғалымдар тапшы. Заман талабына сай, сұранысқа ие мамандықтар легі әзірге осы. 
Түйін. Әрине, тағылымды түйін қашанда құнды. Олай дейтініміз, Елбасының «Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман» деген қанатты сөзі жастардың өімрілк ұстанымына айналса игі. Өйткені, өз ісінің шебері не майталман маман болу үшін немесе кәсіп ашу білім мен сауаттылық қажет. Яғни, қандай мамандық таңдасақта, сапалы кадр және мықты маман қашанда міндетіне  мығым болуы тиіс екенін әсте естен шығармаған абзал.
21 шілде 2018 ж. 1 491 3

Гость Jeahulalf от 11 ақпан 2019 18:36
Amoxicilina Antibiotic Online Meds generic 5mg cialis best price Where To Order Free Shipping Online Stendra Worldwide El Uso Del Viagra Viagra Herzinsuffizienz

Гость Jeahulalf от 4 наурыз 2019 00:18
Priligy Johnson And Johnson Ou Acheter Du Cialis A Paris Propecia Hormones Testosterone Levels viagra online pharmacy Acquisto Levitra Gratis

StevBlubof от 8 мамыр 2019 15:30
Acheter Cialis Ligne Belgique http://xbmeds.com Buy Plavix 75 Generic Adderall Buy Canada