№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Таңдаған мамандықтың шебері боламын деп сенемін

Таңдаған мамандықтың шебері боламын деп сенемін

Тоқсаныншы жылдардардағы тоқырауда бізден «өскенде кім боласың?» деп сұраса, «милиция», «ғарышкер», «дәрігер» боламын деуші едік. Қазір мүлдем басқа қоғам. Бүгінгінің тілі былдырлаған балғындарынан өскенде кім болатындығы жөнінде бізде біліп көрдік. Міне, қызық. Бүлдіршіндердің басым көпшілігі «бизнесмен» болғысы келетінін бірден айтты. Ал, одан кейінгі орында «бастық». Үштікке ілінген мамандық мүлдем таң қалдырды. Яғни; балапандарымыздың бір бөлігі «Қайрат Нұртас» боламын деді. Бұл дегеніміз балғындар кішкентайында не нәрсені көп көрсе, соған еліктейтін болуы керек деп топшыладық. Хош. Мақаланың тақырыбына ойыссақ. Ерлердің игермеген екі мамандығы бар екен. Біріншісі: Балабақша тәрбиешісі. Екіншісі: Кітапханашы. Әрине, бұл біздің білетініміз. Білмейтініміз бір төбе. «Түйір нан-тамшы тер» демекші, кез келген шаруаның артында маңдай тер, адал еңбек тұратыны айқын. Алайда біз өмір сүріп жатқан қоғамда ақыл-ойы зерек, дара дарын иелеріне деген сұраныс артуда. Мұхтар Шахановша айтқанда: компьютербасты заман туды. Қолға қаламды алып, өз тарапымыздан бұқара халық көп біле бермейтін, атын естігенімен қандай мамандық екеніне мән бермейтін тұстарын тізбелеп шықтық. Ілім ізденіп, кәсіп иесі боламын деп жүрген талапкерлерге де аз-кем ақпарат алуына әбден болады.Қандай мамандықтар жоғары сұранысқа ие?

  Жақында ғана еліміздің Білім және ғылым министрлігі келешекте сұранысқа ие болатын мамандықтарды атады. Министрліктің мәліметінше, 2014-2018 жылы жоғары сұранысқа ие болатын төмендегі мамандықтар екен.
Сарапшылар бірауыздан келешек техникалық мамандықтардың қолында екенін талассыз мойындаған. Әсіресе, инженер-техниктерге өз біліктілігімен қатар әлемдік деңгейдегі серіктестік күн санап дамығандықтан шет тілін меңгерудің маңызы зор екеніне кеңес айтқан. Мұнан кейін IT мамандар мен бағдарлама құрастырушылар, графикалық интерфейстер дизайнерлеріне сұраныс артады. Себебі, қазіргідей ақпараттық технология қарыштап дамыған дәуірде бағдарламалық жабдықтау саласына кем дегенде алдағы 10 жыл бойы сұраныста болатынына кепілдік берген.
Сондай-ақ елімізде ең кенже қалған нано мамандарға қажеттілік артады. Одан әрі елімізде шағын және орта бизнестің кең өріс алуына байланыста қызмет көрсету саласындағы мамандықтарға сұраныс жоғары болады.
Мұнан соң; логистер, экологтар, маркетолог иелеріне жұртшылық тарапынан қызметін пайдалану жөнінде пайыз артады.
Оған қоса Елбасы қабылдаған «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасын» орындау мақсатында келешекте кәсіптік-техникалық мамандықтарға мемлекеттік сұраныс ұлғаяды. Ертең кеш болатынын білген билік басындағылар мұны бүгіннен бастап кетті. Яғни, биыл техникалық мамандықтарға грант санын көбейтті. Атап айтқанда, 35 мыңның 12 мың гранты осы салаға бөлінді. Оның ішінде: металлургия, химия саласы, машина жасау, астық өнеркәсібі, газ, кен өндірісі.
Жоғарыда аталған мамандықтарға алдағы уақытта сұраныс артса, дәл қазіргі таңда Қазақстандық нарықта механик, слесарь, дәнекерлеуші, жүк және арнайы транспорт жүргізушісі, оператор, электр монтаждаушы сынды мамандық иелері жетіспейді. Мұны да да министрлік мәлімдеді.

Әбдісамат ӘБДІШ.
01 қараша 2018 ж. 1 561 0